«Кселл» Бестамақ пен Шикұдық ауылдарын байланыс аясына қосты
«Кселл» ірі мобильді операторы Ақтөбе облысының Бестамақ және Шикұдық ауылдарына 4G базалық станцияларын орнатып, «байланыс аясына» қосты. Енді ағымдағы айдың соңына дейін тағы да үш ауылды цифрлық сервистерге қосу көзделіп отыр.
Цифрлық теңсіздікті қысқартып, ауыл тұрғындарын барлық заманауи сервистермен қамтамасыз етуді мақсат етіп отырған «Кселл» қазіргі уақытта республиканың бұрын байланыс пен интернет мүлдем болмаған елді мекендерінде базалық станцияларды қарқынды салып жатыр.
Ақтөбе облысындағы Бестамақ пен Шиқұдықтан басқа, «Кселл» ағымдағы айдың соңына дейін 4G-мен Шеңбертал, Жаныс би және Құтикөл ауылдарын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Жылдың соңына дейін Түркістан облысында 170-тен астам ауылды, Қызылорда облысында 7 ауылды, Жамбыл облысында 21 ауылды, Алматы облысында 18 елді мекенді, сондай-ақ Жетісу, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында 100-ден астам ауылды байланысқа қосады.