БизнесҒылымҚоғамСеріктес материалыТехнология

«Мен сварщик болар ем, маған үйретсін»

Жыл сайын ҚР-да жұмыс берушілер мәлімдеген техникалық және кәсіптік білім беру мамандарының 20 мыңға жуық бос орны толтырылмайды. Ұлттық сарапшылар жүргізген сауалнамалар көрсеткендей, елімізде кадрларға қажеттіліктің 70%-дан астамы біздің колледждер мен ТжКБ ұйымдары (техникалық және кәсіптік білім беру бойынша) дайындайтын техниктерге, орта буын мамандарына тиесілі.

Қазақстандық колледждерді және жалпы елдегі техникалық және кәсіптік білім беруді жаңа, жоғары деңгейге көтеру үшін колледждерді халықаралық салалық аккредиттеу – қазақстандық түлектердің халықаралық еңбек нарығына шығу мүмкіндігі деп санайды АРЕС Training Center.

Жасыратыны жоқ, қазақстандық колледждердің дипломдары түлектердің 100% білімінің кепілі бола алмайды. Ескірген оқыту бағдарламалары, кеңес дәуірінен қалған жабдықтар жастар арасында жұмыссыздықтың өсуіне және арнайы орта білім беру беделінің төмендеуіне әкеледі. ҚР Еңбек министрлігінің мәліметінше, қазақстандықтардың тек 22% – ы ТжКБ дипломдарын беделді деп санайды. Ал Еуропалық Одақ елдерінде халықтың 71%-ы үшін мұндай нақты кәсіппен айналысу оң имиджге ие.

Алайда, бәрі жаман деуге келмес. Өндірістегі технологиялық процестерді басқара алатын нақты мамандарды даярлауға арналған халықаралық салалық аккредиттеуден өткен Қазақстанның колледждері кәсіби мамандарды шығаруды үйренді. Олар автоматтандыру мен ақпараттандыруға негізделген жоғары технологиялық өндіріс саласында жұмыс істей алады.

Бүгінгі таңда APEC Training Center қазақстандық ТжКБ оқу орындары үшін халықаралық салалық аккредиттеуді жүргізуге құқығы бар жалғыз аккредиттеу органы болып табылады. Біріншіден, компания NCCER халықаралық аккредиттеу органының лицензиясына, материалдық-техникалық және әдістемелік базасына, халықаралық процедуралар шеңберінде оқыту және бағалау тәжірибесі бар сертификатталған персоналға ие.

ҚР-да NCCER стандарты бойынша халықаралық салалық аккредиттеуден сәтті өткен ТжКБ оқу орны Талдықорған жоғары политехникалық колледжі болды. Бұл аккредиттеу «Project Supervision» мамандығы бойынша колледж түлектеріне халықаралық үлгідегі сертификаттар алуға, яғни әлемнің кез келген нүктесінде жұмыс орындарына үміткер болуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Қызылорда, Хромтау, Орал, Ақтау қалаларындағы колледждер NCCER аккредитациясын алу процесінің кезеңдерінен өтуде.

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі мен Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі NCCER аккредитациясын алу процесінің екінші кезеңінен өтуде.

Орал жоғары аграрлық-техникалық колледжі мен Х.Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі аккредиттеуге өтінім берді. Халықаралық салалық аккредиттеуге ұмтылатын білім беру мекемелерінің ауқымын кеңейту процесі жалғасуда. Жақында Халықаралық салалық аккредиттеуді алуға Атырау индустриалды колледжі қосылды.

Қазіргі уақытта Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері «ТИТА» ЖШС, «SOAN GRUP» ЖШС, «Жол құрылыс» ЖШС, «Сарқан Сәулет» ЖШС, «Строй прокт» ЖШС сияқты құрылыс кәсіпорындарына жұмысқа орналастырылды.

Ұқсас мақалалар

Back to top button