БизнесЖаңалықтар

Нобель лауреттары мен әлем көшбасшылары Астанада бас қосады

Қазан айының 26-28 күндері арасында Астана қаласындағы Бейбітшілік пен Келісім сарайында Нобель сыйлығының лауреаттары мен халықаралық беделді компаниялардың басшылары, қоғам алдында бірегей тұлғаға айналған көшбасшылар бас қосады, деп хабарлайды Qadam.asia.

Нобель сыйлығының лауреаттары мен әлем көшбасшылары елордамызға маңызды тақырыптарды көтеруге келеді.

Қатысушылар форум форматынан тыс ғылыми-танымдық бағыттағы TED Talk-қа қатысып, білім жетілдіреді. Көрермендерді білікті спикерлердің айтатын маңызды әрі пайдалы ақпараттары күтіп тұр.

Кездеуде көтерілетін басты тақырыптар:

  1. Дағдарыс кезіндегі бақыт.
  2. Қазіргі жағдайымыз қаржылық күйзеліске дейін жетеді ме?
  3. Қалайша сәтсіз кездер инновация тудырады.
  4. Homofuturus: Адамзаттың басы ма әлде аяғы ма?
  5. Шексіз ақыл-ой.
  6. Инновациялардың болашағы.
  7. Университеттер не үйретпейді?
  8. Рационалдықтың маңыздылығы неде?
  9. Жаһанданудың дағдарысы.
  10. Соғыс туралы не білмедіңіз?

Форумның маңызды спикерлері: 

Аталған фестивальдің басты серіктестері қатарында: Coca-Cola, Jusan Банк, Altyn Qyran корпорациясы, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті бар.

V Nobel Fest форумына билет алуға асығып, сый ұту мүмкіндігін алыңыз:

https://sxodim.com/astana/event/nobel-fest

V NOBEL FEST жайлы толығырақ ақпарат алу үшін сілтемені басыңыз:

https://nobel-fest.org/registration

 

Ұқсас мақалалар

Back to top button