Бизнес

OLX алаяқтарды қалай жазалайды?

«Алаяқтарды клиентке, OLX компаниясына, заңға қатысты іс-әрекеттеріне қарай тиісті шаралар қолданамыз, – дейді OLX сарапшысы.

 Сонымен, OLX сервисі қаншалықты қауіпсіз?

 OLX сервисінде қауіпсіздікке үлкен мән беріледі. Команда клиенттерді сақтандыру мақсатында тиісті шаралар қабылдап, сервистегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бар күштерін салады. Команда күнделікті сервисті жақсартуға, жалған жарнамаға қатысты алаяқтық істердің алдын алуға бағытталған техникалық, ақпараттық іс-шараларды жүзеге асырады.

 Десе де, сервисті пайдаланушылар арасындағы келісімдерді команда бақылай алмайды. Өйткені, команда процестің тікелей қатысушысы емес. Соған қарамастан, сервистегі қауіпсіздікті бақылау – олардың басты міндеті.

OLX-тегі жарнамаларды кім тексереді?

Барлық OLX жарнамалары міндетті түрде модерациядан өтеді. Бұл ақпаратты сүзгілер арқылы тексеретін жасанды интеллект көмегімен жүреді. Жасанды интеллект өз кезегінде барлық жарнамалардың 91% мақұлдайды, кейбір жарнамалар өздігінен жойылады және күмән тудыратын жарнамалар қолдан тексерілетін модерацияға жіберіледі.

OLX-тегі алаяқтықтың алдын алу шаралары:

 –        Машиналық оқытуға негізделген бағдарламалық шешімдер, үш кезеңді модерация, алаяқтарды автоматты түрде анықтауға бағытталған техникалық компоненттерді күшейту секілді қауіпсіздік шаралары күнделікті жаңартылып отырады.

 –        Күдік тудыратын хабарландырулар үздіксіз қадағалауда болады. Қолдау қызметі тұтынушылардың сұрақтарына жедел жауап береді. «Тұтынушыларды қолдау орталығы» бөліміндегі материалдар да үнемі жаңартылып отырады.

 –        Жыл сайын интернеттегі алаяқтықтың түрлі жолдары пайда болуда. Киберқылмыстың шекарасы болмағандықтан, команда мүшелері OLX сервисінің басқа елдердегі қызметкерлерімен жиі тәжірибе алмасады.

OLX-тегі алаяқтар кімдер?

 OLX сервисіндегі алаяқты қалай танимыз? Және одан қалай сақтануымыз керек? Бұл туралы OLX сарапшысы тұтынушыларға төмендегідей кеңестер ұсынады:

 1.    Сауатсыз тілде жазылған және автоматты аударма жасалған жарнамалардан абай болыңыз.

 2.    Ешқашан алдын-ала төлем жасамаңыз. Сервисте көрсетілген тауардың шын мәнінде бар-жоғын тексеріп алу керек.

 3.    Келісім аяқталғанға дейін байланыс ақпаратын, сатушының атын, хат алмасу мәліметтерін және басқа да құжаттарды сақтап жүріңіз.

 4.    Үшінші тарап мессенджерлеріне өтуден аулақ болыңыз.

5. Бөтен сайттарға жасалған сілтемені OLX сервисінің аясында ғана бұғаттай аласыз.

Интернеттегі қауіпсіз келісімдерді қамтамасыз ету үшін біз OLX блогына түрлі пайдалы мақалалар жариялап тұрамыз.

Сондықтан да, OLX сервисінің сарапшылары тұтынушыларды сақ болуға шақырады. Жоғарыдағы ескертпелер назарыңызда жүретін болса, алаяқтықтың құрбаны болмайсыз.

OLX ұсынған қауіпсіздік шараларын оқыңыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button