Бизнес

Құлақтың құрышын қандыратын құлаққап

Музыкаға елітіп, әуенмен бірге саяхат жасағанға, қыдырғанға не жетсін. Ең бастысы, жұмысыңа ешкім кедергі болмаса, өзіңді үлкен бір кеңістік ішінде жүргендей сезінуден артық не бар. 

Құлаққаптың түрі көп. Жалғамалы сым арқылы және ешқандай сымсыз, еш кедергісіз құлаққа құйып қойғандай орналасатындары да бар. Солардың бірі әрі бірегейі, HUAWEI ұсынған Freebuds 4 құлаққабы.

Qadam.asia сіздерге жаңа құлаққаптың ерекшеліктерімен таныстырады. Кеттік!

Huawei Freebuds 4 несімен ерекшеленеді?

Өте сапалы дыбыс

Саусақ арқылы басқару

Шусыз кеңістік 2.0

Басқа құрылғыға жылдам икемделу 

Комфорт 

Өте сапалы дыбыс 

Құлақ тұндыратын bass

Құлаққап құлаққа икемделгеннен кейін, әуеннің әр нотасын сезінеді. Соның ішінде сізге сенімділік пен күш сыйлайтын bass. Freebuds 4 құлаққабында бұл жаңа технологиямен толысқан. 

Жаңа HUAWEI FreeBuds 4 сұйық кристалды полимерлі (LCP) композициялық мембрананы қолданады. Ол жоғары сапалы және ажыратымдылығы жоғары дыбыс үшін 40 кГц дейінгі жиілікті қайта жаңғыртуға қабілетті.

Саусақ арқылы басқару 

Жаңа құлаққап саусақпен басқарудың жаңа деңгейіне жетті. Енді кез келген жерде, кез келген уақытта құлаққапты саусақпен басқаруға болады.

Саусақпен екі рет шерту: сырттан келген қоңырауды қабылдау, музыка тыңдау кезінде басқару және дауыс арқылы көмек көрсететін функцияны пайдалану үшін қажет. 

Жоғары-төмен саусақты жылжыту: Керемет, енді саусақпен жоғары әрі төмен жылжыту арқылы музыканың дауысын реттеуге болады. 

Басу және басып тұру: қосу және өшіру, сыртқы шуды болдырмау әрі келген қоңырауды өшіруге арналған. 

Шусыз кеңістік 2.0 

Құлаққап сырттағы шуды басып қана қоймай, сізге музыканың анық әрі тұнық естілуіне көмектеседі.

Құлаққапты құлаққа тығыз, дұрыс орналастырған жағдайда сырттағы шуды естімейсіз. Тек қана өзіңіздің жеке кеңістігіңіздегі әуенде елітесіз.

Құлаққап шуды басу үшін Adaptive Ear Matching (AEM) технологиясын ұсынады. Шуды болдырмайтын жүйе қосылып тұрғанда құлаққаптар құлақ қуысы формасын автоматты түрде анықтайды және пайдаланушыға қоршаған ортаға қарамастан барынша қолайлы болуды қамтамасыз ету үшін параметрлердің тиімді жолын таңдайды.

Басқа құрылғыға жылдам икемделу 

HUAWEI FreeBuds 4 басқа құрылғыларға қосылудың бірнеше жаңа нұсқаларын ұсынып отыр. 

Соның ішінде қашықтан немесе бұлтты қосылу және кез келген амалдық жүйемен жұмыс жасайтын екі құрылғыны жұптастыру. Бұл ұялы құрылғыдан жіберілген қоңыраулар мен хабарламаларсыз сүйікті музыкаңызды немесе шоу бағдарламаңызды тамашалауға мүмкіндік береді. 

Қоңырау түскен кезде музыка немесе бейне кідіртіліп, құлаққаптар сөйлесуге ауысады. 

HUAWEI AI Life экожүйесінің бөлігі саналатын Audio Connection Center мүмкіндігі жақында қосылған 10 құрылғыны есте сақтайды және олардың арасында құлаққапты түртіп қана ауыстыруға жағдай жасалған.

Комфорт

Құлаққап тек сапалы әуен мен таза дауысқа ғана негізделмеген. Оның сыртқы түсі де, қалтаға салып жүруге ыңғайлы қабы да ерекше дизайнда жасалған. Құлаққаптың өзі де жеңіл әрі құлағыңызда бір нәрсенің бар екенін сезбайсыз. 

Шуды болдырмайтын жүйе өшірілгенде, HUAWEI FreeBuds 4 музыканы төрт сағат бойы ойнай алады, ал қуатталған қорап батареяның қызмет ету мерзімін 22 сағатқа дейін ұзартады. Жетілдірілген жылдам қуаттау технологиясы құрылғыны небәрі 15 минут ішінде 2,5 сағат аудионып ойнатып,  қуаттауға мүмкіндік береді.

Жалпы сипаттамасы:

Әр құлаққап:

Биіктігі – 41, 4 mm

Ені – 16, 8 mm

Тереңдігі – 18, 5 mm

Салмағы – 4,1 г

Құлаққап қалыбы:

Диаметр – 58 mm

Биіктігі – 21, 2 mm

Салмағы – 38 г (құлаққапсыз) 

Бағасы мен қолжетімді уақыты туралы

HUAWEI FreeBuds 4 сымсыз құлаққаптарының сатылымы 6 тамызда бөлшек сауда бағасымен 79 990 теңгеде ұсынылады. Алдын ала тапсырысты қабылдау 27 шілдеде басталады. Жылтыр күміс және керамикалық ақ түсті құрылғы HUAWEI ресми дүкендерінде және серіктес дүкендерде қол жетімді. 27 шілдеден бастап Huawei Freebuds 4 құлаққаптарына алдын-ала тапсырыс жасағанда пайдаланушылар Huawei Band 6 фитнес білезігін сыйлық ретінде алады.

Қосымша ақпарат: 6-15 тамызда аталған құлаққап бағасы 69 990 теңгеден сатылады. Бұл арнайы баға. Ал сыйлыққа бір жылға Yandex Plus жазылу мүмкіндігі беріледі. 

Ұқсас мақалалар

Back to top button