Бизнес

Түрік инвесторлары Қазақстанда алма мен алмұрт өсіруді қолға алады

Қазақстанның ауыл шаруашылық министрлігі 2024 жылға дейін бүкіл елді отандық алмамен қамтамасыз етпек. Алматы, Жамбыл және Түркістан облысы мен Шымкент қаласында алып бау-бақшалар құрылып, алма жемісі жаппай өсірілмек.

2023 жылға дейін 59 млрд теңгеге 12 бақша, 2024 жылы 36 млрд теңгеге 3 бақша салынады. Ал 2025 жылы тағы төрт бау-бақша құрылады.

Биыл 250 мың тонна алма жинау жоспарда тұр.

Қазақстанға алма жемісін өсіруге мүдделі боп отырған негізгі инвестор – Түркияның GÖKNUR GIDA атты компаниясы. Елде 5 мың гектарға 8 млн жеміс-жидек ағашын отырғызып алма, алмұрт және шие жемістерін өсірмек.

Түрік компаниясының жоспарлауынша, Қазақстанда өсірілген жемістің 70 пайызы шетелге сатылмақ.

GÖKNUR GIDA компаниясының алма, анар, өрік және шабдалы жемістерін өсіруге маманданған. Түркияда сегіз өндірісі бар. АҚШ, Ресей, Еуропа мен Иранда жеміс-жидек қоймалары орналасқан. Қазір жеміс-жидек пен көкөністің селекциясын қаржыландырумен да айналысып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button