Бизнес

Түркістан облысы жеміс өсіріп Қытай мен Өзбекстанға сатпақ

Түркістан облысында жеміс-жидек өсіріп, оны өңдеп сататын екі агроөнеркәсіп салынып жатыр. Жалпы құны – $370 миллионға жуық.

Агроөндірістің біріншісі 520 гектарға жерге көкжидек өсірумен айналыспақ. Жылына 9,2 мың тонна балғын жеміс пен 3,1 мың тонна мұздатылған жемісті экспортқа шығармақ. Нақтырақ айтса, Қытай мен Өзбекстанға, Қырғызстанға сатылады.

Жоба иелері 250 адамды тұрақты жұмысқа алмақ, тағы 3 мың адам маусымдық жұмыстарға тартылады.

Екінші агроөнеркәсіп жеміс-жидек өсіретін 5 мың гектар бау-бақша егіп, содан шыққан жемістен сусын, дайын қаптамамен жеміс шығармақ. Өнім Қазақстан, Ресей мен Қытайда сатылады. 1300 адам жұмыспен қамтылмақ.

Айта кеткен жөн, қазір Түркістан өңірінде тағы бір жоба – өрік өсіру қолға алынып, қазір 400 гектарға жерге жеміс ағашы егілді.

Түркістан облысы да қазір жылыжай салуға көңіл бөле бастады. Ресей инвесторы 534 млрд теңгеге жылыжай ашуды жоспарлап отыр. 2024 жылы салынып бітпек. Әрі бұл – әлемдегі ең ірі жылыжай болмақ. Жер көлемі 500 гектарға дейін созылып жатыр. Жылына 250-300 мың тонна көкөніс өндіреді.

Оқи отырыңыз: Шымкент шаруалары бүкіл Қазақстанды көкөніспен қамтымақ

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button