Бизнес

Төлем жасаған соң алданып қалдыңыз ба?

Алдын ала төлем жасап, алданып қалған жағдайда не істеу керек? (полицияға дұрыс шағым түсірудің жолдары)

Интернеттегі алаяқтықтың ең көп тараған түрі – алдын ала төлем жасатып, алдап кету. «Сатушы» тауарының жартылай немесе толықтай ақшасын алады да, бұдан кейін телефонын өшіріп жоқ боп кетеді. 

Мұндай қылмыстың құрбаны болатындар – киім, аяқ киім, әртүрлі техника мен смартфон сатып алушылар. Бұдан бөлек, жарнама тақтасына курстық, дипломдық жұмыс жазу, онлайн-тренинг өткізу туралы хабарландыру қалдырып, ешқашан орындамайтын қызметтерін ұсынады.

Жалған хабарландырудың құрбаны болғандар қайда шағымданады?

OLX эксперті:

Біріншіден, тауар сатып алмақ болған интернет-сервистің әкімшілігіне хабарласып, алаяққа тап болғаныңыз туралы ақпарат беріңіз. Сонда ғана интернет-сервис алаяқтық іске қатысты шаралар қабылдай алады. Алаяқтардың әрекетін блокқа түсіріп, басқа пайдаланушыларды сақтандырады.

Екіншіден, банк картасының артындағы ресми нөмірге хабарласыңыз немесе ресми сайтына кіріп, картаңызды бұғаттау туралы өтініш қалдырыңыз. 

Үшіншіден, біз ұсынған үлгі арқылы полицияға шағым түсіріп, тіркелуге талон алуға болады және қаржыңызды қайтаруға да мүмкіндік бар.

– Қылмыс жасағаны туралы мәлімдеме беру – тиісті ақпаратты Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізуге және тергеуді бастауға негіз болады. Тергеуді бастау – құқық қорғау органдарының міндеті (мәліметтер тізілімге 24 сағат ішінде енгізілуі керек).

– Өтініш беру арқылы сіз жәбірленуші мәртебесін аласыз және сізге тиісті процессуалдық құқықтар беріледі.

– Өтініш беру және қылмысты тергеу сот ісін жүргізу сатысында азаматтық талап қоюға және келтірілген зиянды өтеуге болады.

Полицияға қалай арыз жазу керек?

1. Әрбір полиция бөлімшесінде құжаттардың үлгілері ілінген стенд бар, егер мұндай стенд болмаса, онда кезекшіден арыз үлгісін сұрап алыңыз;

2. Өзіңіз жайлы жеке деректерді келтірген соң, қылмыстың мән-жайын ашып жазыңыз: кім жасады, қашан жасады, қандай интернет-сервисте жасады;

3. Қажетті құжаттың бәрін тапсырыңыз. 

Арызбен бірге қандай құжаттар тапсыру керек?

Алаяқтық фактісін дәлелдеу үшін тергеуге қажет болуы мүмкін кез-келген пайдалы ақпарат пен құжаттарды тапсырыңыз. Бұл алаяқпен алмасқан хаттардың көшірмелері, қоңырау жазбалары, чектер, скриншоттар немесе SMS-хабарламалар болуы мүмкін. Бұл алаяқтық фактісін дәлелдеу үшін және құқық қорғау органдарына өтініш беру үшін қажет. 

Полиция өтінішті қабылдап, қылмыстық іс қозғаудан бас тартатын жағдайлар да болады. Егер сіз құқық қорғау органының шешімімен келіспесеңіз, онда одан жоғары прокуратураға өтініш бере аласыз. 

Сіз мұндай жағдайға тап болмайды деп сенеміз! Интернеттегі алаяқтардан сақтанып жүріңіз!

OLX “Қауіпсіздік қызметі” сізге алаяқтарға алданып қалмауға кеңес береді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button