Бизнес

Жасыл әлемге жол тартқан ғимарат

Қазіргі таңда еліміздегі мегаполистер шынылы ғимараттар мен жапжарық кеңселерге толы. Ең қуантарлығы,  жасыл технологиялармен жабдықталған ғимараттар саны күн санап артып келеді. Сондай ерекше ғимараттардың бірі, елордамызға көрік беріп тұрған Talan Towers қоғамдықіскерлік кешені екенін атап өтуіміз керек.

Брендке айналған ғимарат

Talan Towers астанамыздың сол жағалауындағы «алтын шаршыда» бой көтерген әсем кешенді ғимараттардың бірі. Кешеннің маңында «Бәйтерек» монументі, Ақорда Президенттік резиденциясы, Сенат пен Мәжіліс мекемелері бар. Одан бөлек, мемлекеттік ұйымдардың кеңселері, қазақстандық және халықаралық ірі компаниялар, мәдени нысандар, элиталық тұрғын үй кешендері мен заманауи сауда, ойын-сауық орталықтары да қолжетімді арақашықтықта орналасқан. Үлкен қаланың өмір сүру стилі мен динамикасына сай үйлесім тапқан Talan Towers кешені Talan Towers Offices халықаралық А санатты бизнес-орталығы, The Ritz-Carlton, Astana 5* люксті қонақ үйі, The Ritz-Carlton Residences, Astana эксклюзивті резиденциялары және Talan Gallery сауда галереясынан тұрады.

Достық, 16 көшесінде бой түзеген Talan Towers кешенінің сәулетін Skidmore, Owings and Merrill америкалық архитектуралық бюросы жасады. Бұл бюро Дубайдағы Burj Khalifa, Нью-Йорктегі Бостандық мұнарасы, Чикагодағы Trump Tower сынды көптеген белгілі архитектуралық нысандардың авторы ретінде танымал. Жобаны іске асыруға 100-ден астам компания қатысқан. Сондықтан да қалаға келген қонақтар ғимараттың әсемдігі мен ерекше көрінісіне таңдай қағып қарайды.

Talan Towers кешені 120 000 м2 аумағын алып жатыр. Сауда орталығы, тұрғын үй, қонақ үй және кеңселер жаңа деңгейдегі заманауи құрылысымен және ішкі сапасымен кешеннің мәртебесін көтеріп тұрғаны анық.

Мәселен, отыз қабатты мұнарада «А» санатты Talan Towers Offices бизнес-орталығы орналасқан. Ал жиырма бес қабатты ғимаратты The Ritz-Carlton Astana қонақ үйі мен The Ritz-Carlton Residences, Astana резиденциялары алып жатыр. Бұл зәулім үйлерді өзара сауда галереясы байланыстырады.

Talan Towers нысаны өте қысқа мерзімде – небәрі төрт жылдың ішінде салынған. Кешен екі кезең бойынша пайдалануға берілген болатын: оның бірі 2016 жылдың қарашасында, ал екіншісі 2017 жылдың наурызында аяқталды.

Ғимараттардың ерекшелігі – бағалы материалдардың сәнді әрі талғамға сай қарапайым формаларымен гормониялық үйлесімділігінде. Кешенді безендіруде жоғары сапалы табиғи тастың елуден астам түрі қолданылған екен.

Ең маңызды архитектуралық шешімдердің бірі қасбеттік материалды таңдау болған. Бұл үшін астананың климаттық жағдайына төзімді, жылулық және дыбыстық тосқауылды қамтамасыз ететін, доломит минералынан тұратын «лаймстоун» тасын Германиядан арнайы алдыртқан.

Talan Towers  ерекшелігі

Talan Towers-тің жасылдандыру технологиялары нысанды жобалау кезінде ұйымдастырылған. Мысалы, жасыл шатырлар, энергияны тиімді пайдаланатын лифтілер, энергияны үнемдейтін шыныландыру, күн батареялары, жаңбыр суын қайта пайдалану, электромобильдерге арналған қуаттау, велосипедшілерге арналған киім ауыстыратын бөлмелер мен душтар – осының барлығы Қазақстанда алғаш рет енгізілген.

2018 жылы Talan Towers экологиялық құрылыс талаптарына жауап беретін ғимараттарға арналған LEED сертификатының алтын деңгейіне қол жеткізді.

LEED (Leadership in Energy and Environmental Design), яғни, «Энергетика және экологияны жобалау саласындағы көшбасшылық» – бұл сапа деңгейін анықтайтын бүкіл әлемге танымал сертификат. Ол экологиялық құрылыс, су ресурстарын тиімді пайдалану, энергияны үнемдеу және ауаны тазарту, экологиялық табиғи материалдарды пайдалану, инновация және дизайн сияқты қатаң талаптарға сай келетін ең сапалы нысандарға ғана беріледі. LEED сертификаты бар ғимараттар энергияны үнемдеуде, адамның денсаулығын жақсартуда және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда аса жауапкершілік танытады.

Астанамыз секілді Talan Towers те өте жас ғимарат болғанымен, өзіндік тарихы мен марапаттары да бар. 2017 жылы Қазақстанның ең үздік жобасы ретінде Asia Pacific Property Awards конкурсында Mixed Use Development және Mixed Use Architecture категориялары бойынша марапатталған. Сол жылдың қазан айында Орталық Азия коммерциялық жылжымайтын мүлік апталығы аясында Talan Towers Offices Қазақстандағы «А» санатты үздік бизнес орталығы болып танылды. Ал бір айдан соң кешен Eastern Europe Real Estate Project Award беделді еуропалық премиясының марапатына ие болды. 2018 жылы Asia Pacific Property Awards аясында Hotel Interior и Mixed-use Interior For Kazakhstan категориялары бойынша үздік деп бағаланды. Сол жылдың 3 желтоқсанында Asia Pacific Property Awards 2018-2019 конкурсының Mixed Use Interior категориясы бойынша Азияның ең үздік жобасы атанды.

Talan Towers кешеніне экскурсия

Алдымен паркингтен бастайық. Екі деңгейлі 500 көлікке арналған паркингтің бірінші деңгейі қонақтардың автокөліктеріне арналған, ал екінші деңгейдегі тұрақты жалға алушылар мен апартамент иелері пайдалана алады. Ғимараттың барлық бөліктеріне қатысты ыңғайлы орналасқан және оған екі көшеден кіруге болады.

Электромобилі бар жандарға арналған «жасыл» аймақта  адамдар өздерінің «жасыл» автомобильдерін тегін қуаттай алады. Мұнда Tesla Supercharger Р1 деңгейіндегі 2 қуаттағыш бекетімен жабдықталған.  Қонақүй жанындағы көшеде осындай 4 бекет орналасқан. Бұл Tesla автомобильдерін үлкен жылдамдықта қуаттауға арналған қондырғылардың ішіндегі үздігі. Сонымен қатар, электромобильдер үшін зарядтау станциялармен жабдықталған «жасыл аймақ» қарастырылған.

Велосипедпен жүретіндерге 28  тұрақ орыны бөлінген. Talan Towers-тің ішкі аймағынан 3 велотұрақ таба аласыз. Достық көшесінен кірген кезде сырттан келетін таксиге арналған Яндекс тұрағы мен қызметкерлерге арналған тұрақ және The Ritz-Carlton, Astana бағытынан кіргенде тағы бір тұрақ бар.  

Паркингтің Р1 деңгейінде душ пен киім ауыстыратын бөлмелер тұтынушының барлық талаптарына сай жабдықталған.  Кез келген адам таңғы веложаттығудан кейін өзін ретке келтіріп алып, кеңседегі жұмысына алаңсыз кірісе берсе болады.

Елорданың салқын ауа-райынан жаурап ішке кірген кезде бизнес-орталықтың жып-жылы холлы күтеді. Холлдың дизайны арнайы жарық панельдерімен безендірілген. Қарапайымдылық, лаконизм және талғампаздық, жағымды музыка, табиғи гүлдердің хош иісі – Talan Towers-тің кіре берісінен бастап сізді таң қалдырады.

Көпфункционалды кешен өз жалға алушыларына қандай жайлылық пен мүмкіншіліктер ұсынады?

Talan Towers – қозғалысында шектеуі бар адамдарға қамқорлық танытып, қолжетімді жағдай жасаған бірден бір нысан. Кіріп-шығуға ыңғайлы кең есіктер, баспалдақсыз жайлы табалдырықтар, лифтті басқару панелінің төмен орналасуы, арнайы дәретханалар – барлығы тұтынушының көңілінен шығатындай жасалған.

Энергияны тұтыну – «жасыл» ғимаратты бағалау кезіндегі негізгі критерийлердің бірі екені мәлім. Мұның лифтілерге тікелей қатысы бар. Кешендегі заманауи «ақылды» лифтілер тек электр қуатын ғана емес, сонымен қатар, өз тұтынушылары мен қонақтарының уақытын үнемдейтінін атап өткен жөн. Лифтті күту уақыты отыз секундтан аспайды.

Бұл әр қабатқа бір тоқтап, жоғары-төменге көтеріліп-түсуге кететін құнды уақытты жоғалтпауға арналып құрылған жүйе. Магнитті картаңызды басқару панеліне қойғанда, өзіңізге қажет қабатқа апаратындай бағдарламаланған лифт кабинасы ашылады.

Көпшілігіміз күн сайын кеңседе кем дегенде тоғыз сағатымызды өткіземіз. Ғимараттың, дәліздің, холлдың, кеңсенің дизайны, температуралық жағдайы, жарыққа қол жетімділік, акустика, дыбыс оқшаулау және ауа сапасы сияқты факторлар тек еңбек өнімділігіне ғана емес, сонымен қатар қызметкерлердің денсаулығына да әсер ететіні жасырын емес.

Көп жағдайда кеңсе ішіндегі ауа сапасы сыртқа қарағанда әлдеқайда нашар боп жатады. Бұл әртүрлі құрылыс және әрлеу материалдарының, қабырға жабдығының, жиһаздардың және құрамында улы заттар болуы мүмкін басқа да заттардың химиялық қоспаларының әсерінен болады.

Ал Talan Towers-те еркін тыныс ала аламыз. Фильтр жүйесі ауаны бірнеше рет тазартады, ал хош иістендіргіш жүйе бөлмелерде нәзік хош иісті сезінуге мүмкіндік береді.

Ерекше атап кетер жайт, кешеннің Talan Towers Executive Hub кеңселері, олар 12, 22, 24 қабаттарда орналасқан және жақын арада 25 қабатта ұсынылады. Көгалдандырылған қабырғалар кеңістікті жандандыру үшін және адамдарға тыныштық пен шабыт сыйлау үшін жасалған ең үздік шешім деуге болады. Дәстүрлі баққа қарағанда, мұндай қабырға аз орын алып, 80% аз мөлшердегі суды қажет етеді және денсаулыққа айтарлықтай пайда әкеледі. Ауаны таза сақтап, кеңсе кеңістігіндегі шу мен дабырды басып, шығармашылықты арттырады және жалға алушылардың көңіл-күйін көтереді.

Кеңселердің оңтүстік лаунж-аймағында ерекше талғаммен мұқият таңдалынған кітаптардан тұратын кітапхана бар. Кітапхана – жаңа идеяларды оятуға, бейресми әңгімелер өрбітуге және жұмыстан бір сәтке демалуға арналған таптырмас орын. Talan Towers Executive Hub кеңселерін жалға алушылар бір қабаттан келесі қабатқа өтіп, кітапхананы, лаундж аймақтарды пайдалана алады.

Talan Towers тек елордамызға ғана емес, бүкіл аймаққа жаңалық әкелді десек артық айтқанымыз емес. «Жасыл» ғимараттар ұғымы бүкіл әлемде жиырма жылдан астам уақыттан бері танымал болса да  біз үшін әлі де жаңа дүние.

Talan Towers кешенінің жалпы сипаттамасы

Talan Towers Offices – астананың іскерлік орталығында орналасқан халықаралық деңгейдегі А санатты кеңселер. Lynks Property Management компаниясының кәсіби командасы ұсынатын сервис деңгейі, дамыған инфрақұрылым, күзет қызметі, өрт қауіпсіздігі, заманауи паркинг – Talan Towers Offices кеңселерін барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бизнес-орталыққа айналдырды.

The Ritz-Carlton, Astana 5* люксті қонақ үйінің терезесінен заманауи астананың панорамалық көрінісін тамашалауға болады. Қонақ үй инфрақұрылымы іскерлік кездесулерді, салтанатты және ресми іс-шараларды өткізуге арналған конференц-залдардан, таңдаулы асханасы бар мейрамханалардан, клубтық қонақ бөлмесінен, сондай-ақ ең талғампаз қонақтарды бей-жай қалдырмайтын спа мен фитнес-орталықтан тұрады.

The Ritz-Carlton Residences, Astana бұл бірегей стилімен, таңдаулы интерьерімен ерекшеленетін 27 сәнді апартаменттер. Резиденциялар иелері консьерж қызметінен бастап, жеке резиденттік инфрақұрылымға дейін толығымен өздері пайдалана алады.

TALAN Gallery – бұл Talan Towers кешенінің екі мұнарасын біріктіретін, ауданы 8000 м² құрайтын сауда галереясы. Мұнда әлемдегі ең танымал премиум-санатты брендтерінің дүкендері орналасқан.

Talan Towers болашақта жоғарыда көрсетілген, аталған тұжырымдамаларды одан ары қарай дамытуда басқалар үшін стимул болатыны анық.

www.talantowers.com

www.ttexecutivehub.com

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button