Ару мен терінің сарғаюы: Қатерлі ісіктің алғашқы қарапайым белгілері
Онкологтардың айтатыны мынау: қатерлі ісікті барынша ерте анықталса, оны емдеу де соншалықты оңай әрі тиімді болмақ. Алайда қатерлі ісіктің қауіптілігі де сол – алғашқы белгілері көбінде көрінбейді, өте күңгірт білінеді. Мұны қарапайым адамның сезе қоюы екіталай.
Десе де, онкологтардың айтуынша, қатерлі ісіктің алғашқы, жай белгілерін байқауға, табуға болады. Ең алдымен мұндай белгі адамның денесінен басталады.
Яғни, адам жоқ жерден, еш себепсіз арып, салмақ «тақтаса» бұл – қатерлі ісіктің белгісі болуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, бір айда дене салмағының 5%-ын «лақтырудың» өзі қатерлі белгі боп саналады. Яғни, салмағы 70 келі болатын адам бір айда 3-3,5 келі арыса әрі оған белгілі бір себеп таба алмасаңыз, онкологияға қаралып көрген жөн.
Адамның ару себебі – ағза онкологияның белгілерін байқаған кезде онымен күресіп, қажетті элементтерді «соғысқа» дайындайды. Сол кезде ағзада көп нәрсе жетіспей бастайды.
Қатерлі ісіктің екінші белгісі – терінің өзгеруі. Терінің түсі де, түрі де өзгереді. Жара, пигмент, дақ пайда болуы мүмкін. Терінің түсі сарғаюы, қараюы мүмкін. Кейде тері құрғап, қабыршықтанады. Түлеп түседі.
Дәрігерлердің айтуынша, жоғары айтылған белгілердің бірі қайталанса, онкологқа қаралған абзал.