Аяқтағы және аяқ киімдегі жағымсыз иістен қалай арылуға болады?
Аяқтан тердің бөлінуі табиғи процесс болып саналады, алайда кейбір адамдардың аяқтарының иісі ерекше жағымсыз шығады. Бұл кәдімгідей ыңғайсыздық тудырады: сіз осы үшін қатты уайымдай бастайсыз, аяқ киіміңізді шешуге ұяласыз, үнемі қосалқы шұлықтармен ауыстыруға мәжбүр боласыз және үнемі ваннаға қарай асығып тұрасыз. Егер сіз үшін аяқ киіміңіздің, аяғыңыздың жағымсыз иісі маңызды проблемалардың бірі болса, онда біз сізге одан арылудың жолдарын көрсетеміз.
Аяқтағы жағымсыз иістің пайда болу себептері
Аяқтағы жағымсыз иістің басты себебі – қатты тершеңдік. Аяқта мыңдаған тер бездері бар, олар күніне 200 мл-ге дейін тер шығарады! Ал егер де сіз белсенді өмір салтын ұстанатын болсаңыз, үнемі спортпен айналысып, аяққа көп күш түсірсеңіз, олар тіптен терлейді. Негізі бөлінетін тердің иісі жоқ, себебі тердің құрамында тек су мен тұз ғана бар. Сасық иістің көзі – бактериялар. Себебі, біз үнемі жабық аяқ киім, шұлық киеміз, бұл өз кезегінде бактериялардың таралуына қолайлы боп саналады.
Сонымен, жағымсыз иістің шығуына келесідей факторлар әсер етеді:
- жабық және табиғи емес теріден жасалған, ауа нашар өткізетін аяқ киім;
- синтетикалық шұлықтар;
- өте күшті тер бөлінісін тудыратын белсенді өмір салты;
- қосымша тер бөлінуін тудыратын күйзелістер, қорқыныштар, жүйке жүйенің аурулары;
- жиі душқа түсудің, шұлық ауыстырудың, аяқ киімді ауыстырып тұру мүмкіндігінің жоқ болуы.
Аяқ киімдегі жағымсыз иістен қалай арылуға болады?
Аяқ киімді желдетіп тұру, жуу, кептіруді қарастыру керек. Аяқ киімдегі жағымсыз иістен арылудың бірнеше әдістері бар:
Аяқ киімді далаға жайып қою;
Аяқ киімді спиртпен сүрту;
Аяқ киімді арнайы сусабынмен немесе арнайы құралмен жуу;
Аяқ киімге арналған дезодарант пайдалану.
Қалай алдын алуға болады?
Осы проблемамен күресу үшін бірнеше кеңестер ұсынамыз:
1.Күн сайын шұлық, колготкиді ауыстырып тұру қажет, оларды бір күннен артық кимеу керек, тіпті таза боп тұрса да. Өйткені келесі күні иіс қаттырақ шығуы мүмкін.
2.Шұлық таңдап кигенде синтетикадан тігілгенінен аулақ болыңыз, барынша табиғи материалдардан тігілген шұлықтарды таңдаңыз.
3.Бір аяқ киімді 3 жылдан артық кимеңіз. Әрбір жыл маусымына арналған кем дегенде екі аяқ киіміңіз болған дұрыс.
4.Ұлтарақтың жайын да қамтамасыз етіңіз, жиі-жиі жуып және ауыстырып тұрыңыз.
Аяқтағы жағымсыз иіспен қалай күресеміз?
- Күн сайын аяғыңызды антибактериалдық сабынмен, бактерияларды өлтіретін сабынмен жуыңыз.
- Табаныңызда тер бөлінуі дұрыс болуы үшін кремдер, құрғатушы ұнтақтар жағып тұрыңыз. Мұндай кремдерді дүкендерден, дәріханалардан тауып алу қиын емес. Теймуров пастасын пайдаланып көріңіз, ол ұзақ уақытқа аяқтағы жағымсыз иісті кетіруге көмек береді.
- Аяқтағы тер бөлінуін азайтатын дезодарант–антиперспиранттарын қолданыңыз.
- Бор қышқылының ұнтақтарын, бүріккіштерін пайдаланыңыз.
- Қатты тершеңдік кезінде аяғыңызды күн сайын марганцовканың күлгін–көк түсті ерітіндісімен жуып көріңіз, не болмаса жылы сумен немесе сірке суымен кішкентай ванна жасап көріңіз, мұны апта ішінде 15-20 минут жасасаңыз жеткілікті.
- Түнде лаванда майын жағып, шұлық киіп ұйықтаңыз. Лаванда майы бактериялардың көбеюіне бөгет болып қана қоймай, жағымды иіс шығарады.