Лавр жапырағының емдік қасиеті
Лавр ағашы оңтүстік Азияда, Жапонияда табиғи өседі. Ал Қаратеңіз маңындағы елдер оны қолдан өсіріп, бау-бақша өнімі ретінде пайдаланады. Лавр ағашының жапырағы қарағай мен шырша сияқты мәңгі жасыл.
Биіктігі 25-30 метрге дейін жетеді. Гүлі мамыр-маусым айларында ашылып, жемісі қарашада піседі. Жемісі сүйекті қарақоңыр болып өседі. Жемісін күзде жинайды.
Лавр жапырағынан дәрі-дәрмек жасалады. Емдік қасиеті мол. Оны халық емшілігінде де қолдануға болады. Солардың кейбіріне тоқталып өтейік.
1. Суық тиіп, қатты жөтел қысқанда лавр жапырағының 2 данасын алып, бір стақан суға салып, үстінен бір ас қасық ас содасын салып, 15 минут қайнатады. Қайнаған соң бір ас қасық бал қосып жылыдай ішеді.
Ішер кезде лавр жапырағын алып тасайды. Міндетті түрде жылыдай ішу керек. Бұдан жөтел тоқтап, қақырық шыға бастайды.
2. Көз былшықтанып, түйіліп ауырғанда, 4 дана жапырақты ұнтақтап, жарты стақан қайнап тұрған суға салып, бұқтырады. Осы сумен жылыдай көзді жуады. Бірақ ішуге болмайды.
3. Құлақ ауырып, ішінен ірің-су аққанда лавр жапырағын ұнтақтап, қайнап тұрған бір стақан суға бір ас қасықпен салып, 2 сағаттай бұқтырады. Сонымен құлақты жуып, ішіне аздап тамызады.
4. Тік ішек шыққанда, лавр жапырағының 10 талын алып ұнтақтап, бір ыстақан қайнап тұрған суға бір сағат бұқтыру қажет. Соны дәкеге сіңдіріп, арттан тығып қояды. Әр екі сағат сайын ауыстыруға болады.
5. Сусамыр ауруына 10 тал жапырақты ұнтақтап, 3 стақан қайнап тұрған суға 3 сағат бұқтырады. Осыдан күніне 3 рет, әр жолы 3 ас қасықтан ішеді.
6. Буын, сал, дірілдеп ауырғанда 30 грам лавр жапыраын ұнтақтап, оған 200 грамм тазартылмаған күнбағыс майын құйып, 10 күн тұндырады. Осыны сығып, басқа ыдысқа құйып алады да ауырған жерді сылап орайды.
7. Аяқ пен буындарда шошайып шыққан түйіндерді жазу үшін лавр жапырағының 5 талын ұнтақтап, 100 грамм мүсәтір спиртіне салып, түрі қоңырқай тартып өзгергенше қояды. Дайын болған соң түйіндерге жапсырып ысқылайды.
8. Адам ағзасынан артық тұзды шығару үшін лавр жапырағының 5 талын алып, жарты литр суда 10 минут ақырың қайнатады. Жылыдай сызылған осы суға бір ас қасық бал, кішірек бір лимон шырынын қосып ішеді.