Миф әлде шындық: Психологиядағы барлық түсінікке сенесіз бе?
Психологияда сенуге болмайтын кейбір таптаурындар бар. Назарларыңызға психологиялық мифтер топтамасын ұсынамыз.
Аудионы немесе видеоны жақсы қабылдайтындар
Осы уақытқа дейін ақпаратты біріміз оқу арқылы, енді біріміз есту арқылы қабылдаймыз деп ойлап келдік. Иә, ол дұрыс. Адам ақпаратты қабылдаудың белгілі бір түріне бейім болады. Десе де ғалымдар бұны жоққа шығарды. Олардың пікірінше, ақпаратты қабылдау адамның қалауы мен мүмкіндіктеріне байланысты жүзеге асады.
Күлкімен күнің көркемделе ме?
Адамның күлкісі ұзақ уақыт бойы психологиялық әдіс ретінде қарастырылып келді. Ылғи күліп жүрген адамның күлкісі шынайы эмоция ретінде көрінеді деген пікір де бар. Ал қазір негативті эмоцияны тұмшалаудың зиян екені анықталды. Біле білсеңіз, өтірік күлу адамның көңіл-күйіне кері әсерін тигізеді.
Қарама-қайшылықтар бір-бірін тарта ма?
Кейде бір-біріне мүлдем ұқсамайтын жұптар отау құрып жатады деп ойлаймыз. Сондай миф бар. Негізінде біз өзімізге ұқсайтын адамды таңдаймыз. Мүмкін оның түрі, қажеттіліктері мен мақсаттары, тіпті, алған тәрбиесі мен мінезі сізге ұқсауы мүмкін.
Үстел үстіндегі ретсіздік пен көпшіліктің ортасында болу шығармашыл адамға шабыт сыйлайды
Бұл әдіс шығармашылыққа қатысы бар адамдарға жаңа идея тауып, шешім қабылдауға әсер етеді деген түсінік бар. Олай емес. Шындығында ретсіздік адамның миын шаршатып жібереді. Сонымен қатар адам өзінен көп идея талап етеді. Сыртқы күштер мен іштей «әлі орындамадым» деген ой адамды тұңғиыққа батырады. Кез келген адам жеке өзі жұмыс істеп, миына салмақ түсірмегенде ғана ойындағысын орындайды.
Ашуды айқайлап жеңуге болады
Фильмдер мен кітаптар «бізді стресске тап болғанда орманға немесе тауға шығып айқайласаң – ашуың тарқайды» деп үйретті. Ал зерттеу бойынша керісінше айқайлау ашуды күшейтеді. Егер ашуланып тұрсаңыз оның туындау себебіне анализ жасап, зерттегеніңіз дұрыс болмақ. Сонда эмоциямен емес, ақылға қонымды шешім қабылдайсыз.
Ми бөліктерінің шығармашылық немесе аналитикалық бағытқа бейімділігі
Адамның миы шығармашылық немесе аналитикалық қабілет болып бөлінбей, бірге жұмыс істейді. Істеп жатқан әрекетіңізге байланысты мидың кейбір бөлігі белсенді жұмыс істей бастайды. Өйткені күнделікті жиі жасалатын іске ми да үйреніседі. Соның өзінде оң жақ ми, сол жақ ми деген түсінік болмайды.
Адам 25 жасқа дейін өзін табады
Психологтар осы уақытқа дейін адам 25 жасқа дейін мақсатын анықтап, қағида құрастырып, өзін қалыптастырып үлгереді деп ойлап келді. Негізінде біздің мінезіміз өмір бойы өзгерісте болып, жаңарып отырады. Ал жасы үлкейген сайын адамдар шыдамды бола бастайды. Мысалы, әйел адамдар өзін қоршаған әлемге жаймен тіл қатып үйренеді.