Денсаулық & Психология

Психологиялық тест: Отбасын құруға дайынсыз ба?

Бала шақта ойыншықтардан отбасы құрап, шағын қойылым қоятынбыз. Қуыршықтарға қамқор ана болып, оларға тәтті ботқа жасап беріп, тамақтандырып, киіндіріп, қуыршаққа күйеу жігіт тауып, үйлендіріп ойнайтынбыз. Бұл – мысал ғана. Ал сіз сол балалық шақта ойнаған «Отбасы» ойынын шындыққа айналдырғыңыз келе ме?

Ендеше төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз.

Бір кеште сіз танымайтын, бірақ сымбатты жігіт сізге көз қырын салып отыр. Сіздің әрекетіңіз қандай?

А) Көз қырын салу ештеңе шешпейді. Егер ол шынымен ұнатып қалса, танысудың амалын табады. ♦

Ә) Жанынан жымиып өте шығатын боламын. •

Б) Байқамай соқтығысып қалудың амалын тауып, «салған көзінің» сырын ашу керек. ♥

Сіздің балаңыз болғанда, сіз…

А) Аяғымнан тік тұрып, қамқор ананың міндетін толық атқаруға күш жұмсаймын. •

Ә) Бұл жағдайдың қашан орын алатынын білмеймін, тіпті бұл туралы мүлдем ойламайды екенмін. ♥

Б) Әлемдегі ең бақытты жан мен боламын, себебі, сәбисіз бақытты отбасы құру мүмкін емес. ♦

Сіздің сүйгеніңіз бар, бірақ бұрынғы досыңыз киноға шақырып отыр. Барасыз ба?

А) Әрине, барамын. Мұнда тұрған не бар? ♥

Ә) Жоқ. Бұл дұрыс емес. Менің жігітім басқа біреуді осылай шақырып тұрса, шыдай алмас едім. ♦

Б) Егер кино қызықты болса және жігітім менімен бірге фильм көруге бара алмайтын болса ғана барар едім. •

Құрбыңызды бұрыннан кездесіп жүрген жігіті тастап кетті. Сіз қандай кеңес бересіз?

А) Қонаққа шақырып, болған жайттың жай-жапсарын тыңдап алып, оның қайтып келетінін айтамын және екеуі қайта табысуы үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. •

Ә) Айтқандарын соңына дейін тыңдап, егер адам шын сүйсе, түптің түбінде қосылатынын айтамын. Ал егер бірге болу тағдыр парағына жазылмаса, құрбыма керек жан ол емес екенін түсіндіремін. ♦

Б) Өмірдің соңы емес. Үйге құрбыларымды шақырып, тәттілер пісіріп, көңілді фильм көріп, дүкен аралап, сымбатты әрі ақылды курстасыммен таныстырамын. ♥

Бір-бірін ешқашан көрмеген адамдар кездесіп қалып, бір секундта ғашық боп қалады дегенге сенесіз бе?

А) Жоқ, сенбеймін. Мүмкін бұл жай ғана ұнату шығар, бірақ бұл махаббат емес. Махаббат – бір уақытта пайда болмайды, ол уақыт өте өседі, махаббат – сәби секілді, оның өсуі үшін көп еңбек керек. ♦

Ә) Әрине, мүмкін. Менің басымнан бірнеше рет өтті. ♥

Б) Сенуге болады. Бірақ, бұлай ғашық болып көрмегенмін. •

Сіз екеуіңіз – бақытты жұпсыздар. Бірақ оның ата-анасы екеуіңіздің қарым-қатынасыңызға қарсы. Не істейсіз?

А) Ештеңе жасамаймын. Біз үйленейін деп отырған жоқпыз ғой, ата-анасына уайымдайтын түк те жоқ. ♥

Ә) Олармен көп сөйлеспеуге, оларың көзіне жиі түспеуге тырысамын. Туған күндерде құттықтап, қуантып тұрамын. •

Б) Неге мені ұнатпайтынын біліп, өз қателігіммен күресіп, бұл жағдайды шешу үшін барымды саламын. Мен үшін бұл өте маңызды.♦

Жігіттің қай қырын басты орынға қоясыз?

А) Мейірімділік, ақыл, өз бетімен жұмыс жасау. •

Ә) Адалдық, сенім арту және балаларға деген махаббат. ♦

Б) Қалжыңға жақын, тың ойлау және жан-жақты болу. ♥

Бірде сүйгеніңізбен балалар туралы сөйлестіңіз…

А) …және болашақ сәбилеріңіздің есімдерін де дайындап қойдыңыздар. ♦

Ә) …екеуіңіздің ойларыңыз бір жерден шықты: баланы асырай алатын, тәрбиелей алатын, жағдай жақсы болған кезде ғана өмірге әкелу керек. •

Б) … ммм, шындығына келсем, бұл туралы сөйлеспеппіз, біз әлі әлем аралап, бірнеше тіл үйреніп, өзімізді дамытқымыз келеді. Әлі ерте. ♥

Аяқ астынан жігітіңізге шетелге оқуға ұсыныс келді. Сіз…

А) Керемет! Мен де мұндай мүмкіндікті жібергім келмейді. ♥

Ә) Көңілім түседі. Қашықтықтағы махаббаттан ештеңе шықпайды. •

Б) Ол жиі келіп тұрады, мен де жиі барып тұрамын. Мәңгілікке бара жатқан жоқ қой. ♦

ҚОРЫТЫНДЫ

Жауап парағыңызда таңдаған жауаптардың жанындағы белгілердің қайсысы көп, сол белгіні оқыңыз да, болашаққа дайынсыз ба, көріңіз.

♦ – Құрбыларыңыз бастарынан өткен романтикалық оқиғаларын айтып, сымбатты жігіттермен өткізген кештерін айтып, қуанып отырса, сізге мұндай әңгіме мүлдем қызық емес. Оларға аянышты күймен қарайсыз. Сіздің ғашығыңыз адал, сенімді және отбасы, бала туралы армандап жүреді. Сіздің де қалағаныңыз осы. Салмақты әрі ұзақ, бақытты ғұмыр – сіздің еншіңізде.

• – Аяқ астынан келген бақытты жіберіп алмаңыз. Бірақ сіз мерейлі отбасының негізін қалауға асығыс емессіз. Сүйіктіңізбен уақытты көңілді әрі есте қаларлықтай етіп өткізсеңіз, болғаны. Әзірге бос уақытты тиімді пайдаланып, қуанышты күндерді махаббатқа бөлеп, болашаққа берік қадам жасауға асықпайсыз.

♥ – Сіз алдағы жылы, тіпті бір айдан кейін не болатынын жоспарламайсыз. Өйткені, сіз жассыз, көретініңіз әлі алда. Ел аралап, оқу оқып, тіл үйренгіңіз келеді. Болашақ отбасыңызды қиял қаласына әлі орналастырмағансыз. Мансап, жұмыс, оқу, бос уақытта саяхат жасау – сіздің басты кредоңыз. Бұлай жүре берген дұрыс па?

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button