Денсаулық & Психология

Психологиялық тест: Суреттен не көрдіңіз?

Бұл тест – Роршах тесттерінің қатарына жатады. Мұндай тест түрін швейцар психотерапевті Герман Роршах ХХ ғасырдың 20-шы жылдары ұсынған. Роршах тесттері жеке адамның психикалық және тұлғалық қасиеттерін диагностикалау үшін қолданылады.

Бұл тест сіздің қандай адам екеніңізді анықтап береді.

Талаптар қарапайым:

  • Суретке мұқият қараңыз;
  • Өзіңізге әсер қалдырған бейнені таңдаңыз;
  • Ең бастысы, екіұшты емес, нақты жауап беріңіз. 

Үлкен жарылыс

Егер сіз жарылыс көрген болсаңыз, онда сіздің мақтан тұтарлық қабілетіңіз – ұшқыр қиял мен шығармашылыққа бейімділік. Өз ойларыңызды үнемі көркем бейнелеуге және қиялыңызды жүзеге асыруға дағдыланғансыз. Өнер саласы – бұл тап сізге арналған өмір жолы. Бойыңызда өзіңіз білмейтін толып жатқан жасырын таланттар бар. Қызығушылығыңызды қанаттандырып, жаңа бір ермек яки дағды тапсаңыз, ол сізге табыс әкелуі мүмкін. Бұрын-соңды істеп көрмеген дүниемен айналысуды бастаңыз. Бұл сізге жаңа белестерді еңсеруге, жетістікке жетуге күш береді. Сіздің шығармашылық күш-қуатыңыз арнасынан асып тұр, тек оны қалай қолдануды білмей жүрсіз. Бұл жағдайда сізге шығармашылықпен белсенді айналысу көмек бере алады: сурет, театр, кино, әдебиет, музыка, қолөнер, би… Қазірден бастап кірісіңіз! Сөйтіп аз күннен кейін күнделікті өміріңіздің қалай құлпыра бастағанына көз жеткізесіз.

Екі қол

Егер суреттен екі қолды көрсеңіз, сіздің ерекше қасиетіңіз – логика және аналитика. Иә, кейде сіз де қиялға берілесіз. Бірақ бәрібір логикаға арқа сүйейтін адамсыз. Әрқашан нақты фактілерді қолдана отырып, логикамен ойлайсыз. Сізге барлық іс, оқиға мен үрдістер жаныңыздағы сөрелерде ретімен жиналып тұрғаны ұнайды. Бұл әрқашан тиянақты, жинақы болуға үйретеді әрі өмірде әрдайым кәдеңізге жарайды. Сіздің талантыңыз ең қиын жағдайдан аман-есен шығуға көмектеседі. Сіздің ақылыңыз бен сауаттылығыңыз басқа адамдарды баурап алып, сізді олардың алдында тартымды етеді. Өзге адамдар басына күн туғанда сізден көмек сұрайды. Сіз кез келген тығырықтан шығудың оңай жолын тауып бере аласыз. Байсалды, қатал, көкірегі ояу, көзі ашық деп тап сіздей адамды айтады. Бұның бәрі тек сізге тән қасиет. Ең бастысы, айналаңыздағы адамдар шынымен де сізден көмек сұрауға зәру және сізге имандай сенеді. Сіз қолыңыздан келгенше қол ұшын беруге дайынсыз.

Үлкен тал

Егер ұшар басы бар талды көрсеңіз, онда сіздің мықты жеріңіз – аңғарғыштық, байқампаздық пен сезімталдық. Ұсақ-түйекті қалт жібермей, жіті байқайсыз. Бұл күнделікті өмірге немесе тұрмыстық заттарға ғана қатысты емес. Сіз біреудің көңіл-күйі мен мінез-құлқындағы кез келген, тіпті болмашы өзгерісті бірден байқайсыз. Мұның бәрі сезімтал адам болғандығыңыздан. Сіз бәрін жүрегіңізге жақын алуыңыз мүмкін, өйткені сізде эмпатия қатты дамыған. Сіз жанашыр болуды, қамқорлық танытуды шын пейіліңізбен істейсіз. Бұл жақсы қасиетіңізді дос-жаран, туған-туыстар жоғары бағалайды. Дегенмен жасаған жақсылықтарыңызды өз пайдаңызға да асыра біліңіз. Жаңа білім алып, бірдеңе үйреніп, дамуға деген ынтаңызды оятыңыз. Мұндайда жан-жағыңыздағы көңіл-күйді сезу қасиеті сізге молынан септігін тигізеді. Сұрақты оп-оңай қойып, оның жауабын лезде ала аласыз. Сонымен қатар, ешкімнің алдында күдік туғызбайсыз. Сіз беделді адамсыз, сондықтан заңға қайшы әрекетке бармайсыз. Өмірге деген саналы әрі аңғарымпаз көзқарас сіздің жетістікке жетуіңізге көмектеседі. Мысалы, жеке бизнес сізге жақсы жарасатын еді.

Бұлыңғыр дақ

Егер суреттен дақ көрсеңіз, онда сіздің мықты қасиетіңіз – байыптылық пен еңбекқорлық. Бұлыңғыр дақ – бұл сізге дұрыстап демалу керек деген белгі. Демек сіз талмай жұмыс істейтін еңбекқор адамсыз. Бүгінде сіздің басты міндетіңіз – демалу, ұйқыны қандыру және өзіңізге көңіл бөлу. Сіз негізі жігерлі адамсыз, бірақ қазір күш-қуатыңыз әлсіреген. Тым көп уақытыңызды қарқынды жұмысқа арнап, ол белсенділік енді сарқылуға айналған. Ал бұл  денсаулығыңызға зиян және ойыңызды сан-саққа бөледі. Алда сізді талай белес пен жаңа жетістіктер күтіп тұрғанын естен шығармаңыз. Ал әзірше тап қазір демалыс алып, жайбарақат күйде рахаттанып тынығыңыз.

«Qadam.asia»

Тағы оқыңыз:

Психологиялық тест: қай қақпаны таңдайсыз?

Психологиялық тест: суреттен бірінші нені көрдіңіз?

Психологиялық тест: қай есікті ашқыңыз келеді?

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button