Денсаулық & Психология

Қанда холестерин көп: Оны қалай білеміз?

Кейде қан ұйып қалған сынды әсер береді.

Адам ағзасында холестерин көбейсе, белгілері ең алдымен аяқтан білінеді. Мамандардың айтуынша, холестерин көбейген адамның аяғында түйін не бүршік шығып, сыздап ауруы мүмкін. Бұл холестериннің шектен тыс көбейіп кеткенін білдіреді.

Әдетте, холестерин көбейгені көп ешкім сезбейді. Өйткені анық белгілері байқалмайды. Тек асқынып кеткенде ғана білінеді.

АҚШ-тың Винчестер ауруханасының дәрігерлері холестериннің алғашқы белгілерін табу үшін аяққа қарау керегін айтады. Егер аяқтың тобық не тірсек маңында ксантомаға ұқсас ақ дақ, түйін не бүршік білінсе, бұл – холестериннің шектен тыс көбейіп кеткенінің айқын белгісі. Гиперхолестериннен ксантома пайда болады. Ксантома дегеніміз – түсі сары суға ұқсас, іріңдеп шығатын жара. Көбінесе, башпай мен тобық тұсынан шығуы мүмкін.

Өйткені төмен түскен қан майлы бөлігі бір жерге жинала береді де, соңы жараға әкеледі. Әсіресе, майлы дақ сіңірде жиналады.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай түйін сырты сыздап ауруы, қышуы мүмкін. Кейде қан ұйып қалған сынды әсер береді.

Аталмыш белгілер байқалса, дәрігерге қаралып, анализ тапсыру керек.

Ұқсас мақалалар

Back to top button