Ғылым

Қазақстанның үш жоғары оқу орны аккредитациядан айырылды

Қазақстан аккредитациялық  агенттігі үш жоғары оқу орнының – Орталық Азия университеті, Ақтау гуманитарлы-техникалық унирверситеті мен «Астана» университетінің аккредитациядан өткізбей қойды. Бұл жайлы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Тәуелсіз аккредитация орталығы білім беру мекемесін не үшін тіркеуден айырғанын былай түсіндірді.

«Біздің ұйым жоғары оқу орындарының білім беру сапасын білім беру бағдарламаларының стандартына қаншалықты лайық, соны тексеріп, аккредитациядан өткізумен айналысады. Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті мен «Астана» университеті басшылығы біздің сарапшыларды мониторинг жасауға кіргізбей қойды. Соған байланысты біз бұрын берген аккредитацияны қайтарып алдық«, – дейді «Тәуелсіз Қазақстан аккредитация орталығы» КЕҰ-ның директоры Бегалы Халмұратов.

Ал Орталық Азия университеті постаккредитациялық мониторингтен өтуге және есеп өткізуден бас тартуына байланысты рұқсатты айырылған.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, бұл жоғары оқу орындарында білім сапасы нашар, мамандарға қажет білім беруге қауқарсыз.

«Бұл ЖОО-дары тексеріс жасауға барынша кедергі келтірді. Бұған дейінгі тексерістерде біз білім беру заңнамасын өрескел бұзғанын анықтаған едік. Былтыр университеттер аккредитациядан өте алмай, түлектері дипломсыз қалды«, – дейді ҚР БҒМ комитет басшысы Гүлзат Көбенова.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button