Ғылым

Ағылшын тілін үйренуге 4 себеп

Әртүрлі дәуірлерде халықаралық тіл мәртебесі ежелгі грек, латын, испан, француз және басқа тілдерге тиесілі болды. Қазіргі таңда сегіз тіл әлем тілдері болып танылды, олардың алтауы – БҰҰ-ның ресми тілдері. Ағылшын тілі бұл тізімде қалай орын алды және неге оны игеру өте маңызды?

Ағылшын тілі ғылым тілі

Осыдан тура бір ғасыр бұрын неміс тілі халықаралық ғылым тілінің құрметті орнын иемденді. Ол кезде ғалымдарға бір ғасырдан кейін неміс, ағылшын және француз тілдері гибридтері ғылыми қауымдастықты біріктіретін болады деп болжауға болар еді. Алайда, бүгінде Нобель сыйлығының лауреаттары ағылшын тілінде жазылған туындылар үшін сыйлық алады, жаңа ғылыми терминдер аударылмайды, ағылшын тілінің калькасы ретінде ұсынылады. Барлық халықаралық конференциялар мен симпозиумдар ағылшын тілінде өтеді, сондықтан өмірін ғылыми мансапсыз елестете алмайтын кез-келген адам әлемдік ғылым тілін оқуға бөлек уақыт бөлуі керек.

Ағылшын тілі бизнес тілі

Ағылшын тілінсіз кез-келген халықаралық іскери байланысты орнату мүмкін емес: хат алмасу, қоңыраулар, презентациялар, көрмелер. Ағылшын тілін корпоративті тіл ретінде Renault, Chrysler, Nokia, Samsung немесе Mitsubishi сияқты көптеген трансұлттық компаниялар таңдайды. Әр компания халықаралық нарыққа шыққан кезде халықаралық тілге көшу және қызметкерлерді ағылшын тілінде оқыту қажеттілігіне тап болады. Ірі еуропалық компаниялардың сайттары, мысалы: Volkswagen (Германия), Swarovskі (Австрия), L’Oréal (Франция), Nestlé (Франция) – барлығы ағылшын тілінде. Әлемдік сауда мен бизнестің негізгі тілін білместен жоғары мансап пен жалақыдан үміт күту мүмкін емес.

Ағылшын тілі өнер тілі

Ешқандай аударма сізге режиссердің немесе жазушының ойын жеткізе алмайды. Кейбір кітаптар түпнұсқаны бейімдеудің қиындығынан немесе автордың аударма жасауға тікелей тыйым салғандықтан ешқашан қазақ тіліне аударылған емес. Қазақ баспагерлері кейбір атақты авторлардың, мысалы, Роберт Шекли немесе Рэй Брэдберидің кейбір кітаптарының аудармасын таба алады, бірақ оны басып шығару, өткізу тиімсіз. Әрбір тіл басқа адамдар көріп отырғандай әлемнің өзіндік бейнесін көрсетеді. Шет тілін үйрену арқылы жаңа әлемге жол ашуға болады. Ағылшын тілін үйренсеңіз,  көретін сериалыңыздың жаңа бөлімін аударылғанын күтіп жүрмейсіз. Өзіңіздің сүйікті кейіпкеріңіздің репликасындағы иронияны түсіну үшін ағылшын тілін оқыңыз. Маршақтың аудармаларын емес, Шекспирді түпнұсқада оқу үшін ағылшын тілін үйреніңіз.

Ағылшын тілі саяхат тілі

Танымал курорттардағы қонақ үйлер мен мейрамханалардың көптеген қызметкерлері сізбен ағылшын тілінде сөйлесетіні анық. Одан бөлек, басқа елдерден келген туристермен сөйлесіп, көлікті жалға алып, қаланы аралағыңыз келсе, көше бойындағы нұсқаулықты оқып, базарда сауда жасасаңыз, шет елдерден достар тауып, әлеуметтік желілерде пост жарияласаңыз, міндетті түрде ағылшын тілін қажет ететін боласыз. Саяхаттау сізге екі есе көп әсер әкелуі үшін ағылшын тілін үйреніңіз.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button