Ғылым

Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте (қанатты сөздер)

Ақыл-парасат күші – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш.

Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алады.

Әңгіме айтатын адамның бет әлпетінің кейпі, оның денесінің тұрқы мен мүшелерінің қалпы сол адамның қылығы болып табылады.

Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылықтылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды.

Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық игіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз.

Әл-Фараби

Нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде.

Көңілді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста.

Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе.

Ырыбрай Алтынсарин

Ақыл, сезім, қайрат, жігер – ми жұмысы. Көңіл бәрінің үстінен билейтұғын патшасы.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Білу, нану, ұнату – ақыл ісі,

Қайтсе зиян, қайткенде пайда болмақ?

Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,

Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек.

Бесеуінен мидағы ой хабар алып,

Жақсы ,жаман әр істі сол тексермек.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Адам ақылды, кішіпейіл, батыл да, қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады.

К.Г. Паустовский

… Дүниеде адамнан қызық ештеңе жоқ.

В. Гумбольдт

Адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді. Ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады.

Баубек Бұлқышев

Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте.

Ахмед Йүгнеки

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button