Ғылым

Биылғы ҰБТ форматына тағы жаңашылдық енгізілді

ҰБТ-ны электронды форматта тапсырудың артықшылықтары бар. Бұл жайлы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтты.

Оның айтуынша, мұндай форматтағы ҰБТ-ның ұзақтығы 240 минут (4 сағат).

«Бұл жерде айта кететін бір нәрсе бар. Бұрында түлектер ҰБТ тапсыратын аудиторияға кіріп, кейін тесттің жауабын жауап парағына белгілеп бояу үшін бөлек уақыт беріледі. Ал мұнда ол жоқ. «Тестті бастау» батырмасын басқаннан кейін бүкіл процеске 4 сағат қана уақыт беріледі«, – деп түсіндірді вице-министр.

Электронды ҰБТ-ның тағы бір артықшылығы мынада – тест тапсырушы түлек қателескен не ойланып қалған сұрағының жауабын бірнеше рет өзгерте алады. Яғни, бұрынғыдай белгілеп бояп қойып, сан соғып қалатын емес.

«Электронды форматпен тапсырып отырған оқушы бұрын белгілеп кеткен сұрағына қайта келіп, тексеріп өзгерте алады«, – дейді Мирас Дәуленов.

Менделеев кестесі мен калькулятор компьютер экранында тұрады. Пайдалануға рұқсат.

«Алғашқы 120 минут біткеннен кейін, 15 минут үзіліс беріледі«, – деп қосты тағы вице-министр.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button