Ғылым

Биыл мектепте соңғы қоңырау бола ма?

Биыл 9 бен 11-сынып оқушыларына ғана соңғы қоңырау өтеді. Ал аттестат тапсыру рәсімі маусым айының ортасында өтпек. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет аппараты отырысында осылай деді.

«Соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамыр күні өтеді. Бірақ оған төртінші тоқсанда офлайн оқыған 9-сынып пен 11-сынып оқушылары ғана қатысады. Ал аттестат тапсыру рәсімін маусым айының ортасында өткізуді жоспарлап отырмыз. Бәрі қатаң санитарлық шара аясында өтпек. Қазір түсіндірме жұмыстары жүргізілуде«, – деді министр.

ҚР БҒМ биылғы нұсқаулығы бойынша, соңғы қоңырау далада, ашық аспан астында өтуі тиіс. Санитарлық нормалар сақталғаны жөн. Арақашықтықтың 1,5 метр, оқушылардың барлығы маскі тағуы керек. Шара сынып сағаты форматында өтеді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button