ҒылымЖаңалықтар

Биыл оқушылар да, студенттер де дәстүрлі білім беруге көшеді

Биылғы оқу жылы дәстүрлі форматпен басталмақ. Оқушылар мектепке, студенттер жоғары оқу орнына барады. Бұл жайлы бүгін өтке Үкімет отырысында айтылды.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин биылғы оқу жылына мектеп пен мұғалімдер дәстүрлі формаға өтуге толық дайын. Қазір қауіпсіздік шаралары пысықталуда.

«Білім берудің дәстүрлі форматына оралу туралы шешім қабылданды. Осыған орай оқушылар мен педагогтердің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық мәселелерді барынша тездетіп шешу қажет», – деді Асқар Мамин.

Ал ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, биыл мектептер «1 сынып – 1 кабинет» жүйесі жұмыс істейді. Яғни, мектепте қосымша ауысымдар ұйымдастырылып, әр уақытқа үзіліс белгіленбек.

«9 тамыздағы жағдай бойынша, білім мекемелеріндегі педагогтердің 93,1 пайызы және басқа қызметкерлердің 88,4 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алды. Студенттердің вакцина алуын ынталандыру бойынша университеттер арнайы іс-шараларды іске асырып жатыр. Оқу ақысын төмендету, ақысыз курстар ұйымдастыру, жолдамалар мен бағалы сыйлықтар беру сияқты бастамалар университеттерде кеңінен қолданылуда», – деді Асхат Аймағамбетов.

1 мен 11-сынып оқушыларының бәрі мектепке барады. Санитарлық сақтық шаралары жасалады.

«Әрине, ата-аналары немесе өздері коронавируспен ауыратын және денсаулығы бойынша тәуекел топтарға жататын білім алушыларға уақытша қашықтан оқыту форматымен білім алуды ұйымдастырамыз», – деді министр.

Ал ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, студенттер жоғары оқу орындарына Ashyq қосымшасын пайдалалынып кірмек.

«ЖОО мен колледждердің дәстүрлі оқыту форматына көшуі кезінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сауыққаннан кейін үш ай ішінде ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, педагогтер мен қызметкерлерді, жатақханалар мен асханалар персоналын, 18 жастан асқан студенттерді 100 пайыз вакциналауды қамтамасыз ету қажет. Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында оқу орындарына, кітапханаларға және жатақханаларға кірген кезде міндетті түрде Ashyq қосымшасын пайдалану керек», – дейді елдің бас дәрігері.

Ұқсас мақалалар

Back to top button