Ғылым

Мектептегі тақталар неліктен жасыл түсті болады?

Тақта – мектептегі маңызды құрал. Жалпы ол ХІХ ғасырдан бастап мектептерде қолданыла бастады. Мұғалімдер оқушылардың әрқайсысының жанына бармай-ақ, бүкіл сыныпқа сабақ түсіндіретін болды. Олар артында тұрған тақтаға ақпараттарды сүзгілеп жазып жүрді. Бұл құралдар ағаштан немесе тақтатастан жасалды. Одан кейін оларды қара түске бояды. Тақтаның қазір қолданылып жүрген соңғы нұсқасы арзан болғандығына байланысты кең таралды.

Кейінірек өндірісте пластиктен және металдан жасалған тақталар пайда болды. Металдан жасалғандары қолданысқа бірден еніп үлгерді. Сонымен қатар олар күнделікті қолданғанға ыңғайлы болғандығымен ерекшеленді. Бастапқы кезде тақталарды қою қара түске бояды. Олардың түсін ауыстыру туралы ешкім ойлаған жоқ. Өйткені бор ізі қара түсте анық көрінеді деген болжам жасалды.

Ғылым жаңарып отырады. ХХ ғасырда біршама зерттеулерден кейін ғалымдар жасыл түстің көзге ең оңтайлы екендігін анықтады. Жасыл түсті тақта қолданысқа бірден енбеді. Сынақ кезінде мұғалімдер қою жасыл түстің ыңғайлы екенін растаған. Әсіресе, шуақты күндерде жасыл тақтадағы бор ізі анық көрінетін болған. Ал бұрыңғы қара тақтада олай болмаған.

1960 жылдары жасыл тақталар, ең алдымен, АҚШ-тағы мектептерде содан кейін ғана бүкіл Еуропа елдеріне тараған.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button