Эйнштейннің сабағын «екі» мен «үшке» оқығаны рас па?
Альберт Эйнштейн математикадан нашар оқыған деген дерек бар. Тіпті, оны ақымақ әрі ашуланшақ маскүнем болған деп жатады. Бұл рас па?
Эйнштейннің оқу үлгерімінің нашар болғаны туралы миф америкалық «Ripley’s believe it or not» шоуындағы заметкада жазылған болатын. Мұнда олар оқырманға таңсық, оларды таңқалдыратын ақпаратты ұсынуы керек. Сол мақалада «Альберт Эйнштейннің оқу үлгерімі нашар болған, ол математиканы түк білмеген» деген дерек келтірілген. Алайда Эйнштейн бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ғалым жазылған мақалаға әзіл ретінде «мен математик болмағанмын, болмаймын да» деп жауап қатты. Негізінде ол сабағын жақсы оқыды. 14 жасында интегралдар мен дифференциалдарды есептей алды. Эйнштейн жоғары сыныптардың пәндерін де ешқандай қиындықсыз өзі оқи берді.
Адамдардың көбі «Риплидегі» мақаланы оқыған соң, оның қате ақпарат екенін білген жоқ. Сол себепті халық арасында қате түсінік кеңінен таралды. Бұл мифтің қашан және қалай пайда болғаны белгісіз. Бір нұсқасында ол кезде бастауыш және орта мектепте бағалау шкаласының қазіргіден ерекше болғаны айтылады. Бағалау жоғарыдан төменге қарай жылжып отырған. Мысалы, 1 «өте жақсы» деген мағынаны берсе, 6 «өте нашар» деген сөз. Алайда 1896 Эйнштейн оқуды бітіргенде қазіргі бағалау жүйесі пайда болып, «1» ең нашар баға болып есептелді. Арада біраз уақыт өткеннен кейін әлдебіреу ғалымның оқу үлгерімі жазылған табелін көріп таңқалады. Алайда ол бұрынғы бағалау туралы білмейтін еді.
Ал тағы бір нұсқасында Эйнштейн өзінің теориялық жұмыстарын тексерту үшін басқа математиктерді шақырған дейді. Бұл жердегі оның мақсаты – барлық формулаларды қайта тексеріп, қателіктердің алдын алу болды. Адамдардың көбі осыдан кейін ол математикадан біз ойлағандый алғыр емес деген болжам жасаған. Негізінде есептерді басқа адамдармен бірге тексерген заңды құбылыс. Өйткені адам бір нәрсемен ұзақ уақыт бойы айналысқанда, зейіні бұлыңғырлана бастайды.
Эйнштейннің мектептегі нашар үлгерімі туралы миф «екі» мен «үштен» көз ашпайтын оқушыларға сылтау секілді.