Неге классикалық пицца «Маргарита» деп аталады?
Пицца – әлемдегі ең танымал тағамдардың бірі. Кез келген мейрамхана немесе кішігірім кафелердің ас мәзірінде «Маргарита» атты пиццаның болатынын білесіз. Неге бұлай аталады деп ойлайсыз ба?
Пиццаға ұқсайтын тағам осыдан мың жыл бұрын пайда болған. Оны римдіктер мен ежелгі гректер ойлап тауыпты. Алайда ол кездегі пиццада маңызды ингредиенттердің бірі – томат болмаған. Ол Еуропа елдеріне Оңтүстік Америкадан XVI ғасырдың басында ғана жеткен болатын. Сол кезеңдегі пиццаға қамыр мен оның үстіне жеуге болатын әртүрлі заттар қосылған.
Қазіргі пицца секілді тағам Неапольде XVI ғасырдың ортасында дайындалды. Алайда ол кезде пицца кең танылған жоқ, сонымен қатар оны жағдайы нашар адамдар ғана тұтынды. Пицца қамыры барлық үйден табылды, ал олар қамырдың үстіне үйінде не бар болса, соның бәрін қоятын болды. Мысалы, еттің қалдығы, ірімшік және шөп деген секілді. Арада біраз уақыт өткенде пицца Италия халқының сүйікті тағамына айналып үлгерді. Ал XVII ғасырдың басында пиццаны дайындайтын «pizzaiolo» деп аталатын маман пайда болды.
Біраз уақыт өткеннен кейін Италия королінің жұбайы Маргарита Савойская қарапайым халықтың қалай өмір сүріп жатқанын білуге қызығады. Ол 1889 жылы қарапайым адамдар тұратын ауданға барып, өзіне пицца дайындап беруін сұрайды. Аспаздар ханшайымның кездейсоқ келгеніне таңқалып, оған ұнайтын ас әзірлеп үлгермейді. Оларға импровизация жасауға туралы келеді: қамырды алып, бетіне томат соусын жағып, ірімшік себеді. Оның үстіне туралған қызанақ пен Италияда өсетін шөптерді қояды. Ханшайымға бұл тамақ ұнап қалып, жеке аспазына пиццаның рецебін жаздырып алады. Сол себепті халық арасында классикалық пицца «Маргарита» аталып кетеді. Өйткені елдің ханшайымы бұл тағамды бүкіл Еуропаға танытқан болатын.
Тіпті, Италияның туының пиццаға байланысты шығу тарихы бар. Қызыл түс – томат, ақ түс – моцарелла ірімшігі және жасыл түс – Италияда өсетін шөптер.
Бұл ақпараттардың рас немесе өтірік екені белгісіз. Алайда осы нұсқалар Италия халқының арасында кең таралған.