Жәндіктер қараңғыда қалай көреді?
Түндегі жарық күндізгіден мың есе төмен болады. Алайда адамдар шырт ұйқыда жатқанда, көптеген тіршілік иелері қалыпты өмірлеріне енді кіріседі. Түнде олардың белсенділігі артады. «Олар қараңғыда қалай көреді?» деген сұрақ сізді де мазалайтын шығар.
Мысал ретінде түнде ғана ұшып жүретін жәндіктерді алайық. Олардың көру мүшелері сіріңкенің басындай ғана. Соған қарамастан олар алдынан шыққан кедергілерден түн болса да қиналмай өтеді.
Елестетіп көріңізші, түнде тропикалық орманда жүрсіз. Сіз тұрған жерге ай мен жұлдыздардың сәулесі де түспейді. Айналаңыз қараңғы болған соң, сізге ешқандай жарық көзі жоқ сияқты сезіледі. Бірақ бұл біздің жетілмеген визуалды аппараттарымызға қатысты болады. Негізінде мұндай жағдайда айналамыздағы кеңістік жалғыз фотондармен толтырылады. Алайда бұл кездегі фотондардың саны адамның көзі қоршаған әлемді көруі үшін жеткіліксіз болады.
Түнде тіршілік ететін жануарлар мен жәндіктердің көру мүшелері әлдейқайда сезімтал келеді. Мысалы, араның Megalopta genalis түрі бірнеше фотонды ғана сіңіреді. Бірақ бұл жәндік үшін түнде орманды шарлау үшін жеткілікті деңгей саналады.
Бражник көбелегін эксперимент ретінде қолданған ғалымдар жәндіктердің миындағы көру орталықтарының жұмысын зерттеді. Сонымен қатар олар нейрондардың белгілі бір жұмысының арқасында көбелек жеке фотондарды бір суретке қосуға қабілетті екенін анықтады. Ал фотондар көп болған сайын айнала жарқырай түседі.
Жәндіктер әлемнің картинасын анық көре алмайды. Десе де қоршаған әлем туралы түсінік қалыптастыра алады. Тіпті әлемнің түрлі-түсті бейнесін көруге мүмкіндіктері болады.
Бұл қабілетке басқа да түнде жүретін жәндіктер ие. Соңғы сурет идеалды емес шығар (оларға жылдам қозғалатын заттар көрінбейді). Алайда бұл кішкентай тіршілік иелерінің көру орталықтарының қаншалықты күрделі жұмыс істейдігі мен тапқыр екендігін көрсетеді.