Қазақстанда қай жылы салынған үйлердің үлесі басым?
2020 жылдың мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда 2,4 млн тұрғын үй бар екен. Оның ішінде жер үй де, көпқабатты үйлер де бар.
Үйлердің көбі Алматы (350 мың үй), Түркістан (325 мың үй) мен Шығыс Қазақстан (210 мың үй) облыстарында орналасқан екен. Бұл үш облыстағы үй саны – бүкіл республиканың үштен бір бөлігін құрайды.
Елдегі әрбір төртінші үйдің қабырғасы – кірпіш пен тас. Оларың саны – 650 мың. Үйлердің көбі – монолитті бетон не қаңқалы-панельден салынған үйлер.
Елдегі үйлердің 3/1 бөлігі 1970 жылға дейінгі салынған үйлер екен. Тек 8 пайызы ғана – 1976-1980 жылдары, 7,8 пайызы – 1986-1990 жылдары салынғандар.
Жалпы тәуелсіздік алған жылдардан бері елде 1,4 млн үй салынған екен. Соңғы 5 жылдың ішінде тұрғызылған үйлердің саны – 146 мыңға жете-қабыл.
Апатты жағдайда тұрған 1,8 мың үй бар. Онда 25 мыңға жуық адам тұрып жатыр. Көбі – Алматы облысында.