Қоғам

Қазақстанда некесіз туған балалар саны өте көп (Инфографика)

Ерлі-зайыптылар ажырасып, анасының қолында әкесіз өсіп жатқан балалардың көп екенін білеміз. Бұдан бөлек, некесіз туған балалардың саны артқанын білуші ме едіңіз?

Некесіз туған балалардың статистикасын көріп шошиды екенсіз…

Ұлттық статистика бюросының ақпараттық-талдамалық жүйесінде некеде тұрмайтын әйелдерден туған балалардың саны көрсетілген инфографикалар келтірілген.

Көріп отырғаныңыздай, Ұлттық статистика бюросы келтірген инфографикада 2009-2019 жылдар арасындағы некеде тұрмайтын әйелдерден туған балалардың саны көрсетілген. 2009 жылы 71 920 бала некесіз туыпты. Ал, 2019 жылы 48 863 бала некеде тұрмайтын әйелдерден туған.

Байқасаңыз, некесіз туғандар жыл сайын орташа есеппен 3 мың балаға азайып отырады. Бұған қуануға бола ма, білмедік. Қалай болғанда да, некесіз туған балалардың көп екені анық.

Бұл көрсеткіш 2010 жылға қарағанда 2011 жылы 5 мыңға жуық балаға азайған.

3-инфографикада некесіз туған балалардың 2019 жылға тиесілі саны көрсетілген. Алғашқы төрттікті қазақы өңірлер деп есептелетін оңтүстік аймақтар иемденіпті. Алматы облысы – 7 835 бала, Түркістан облысы – 4 986 бала, Алматы қаласы – 4 441 бала, Шымкент қаласы – 3 914 бала.

Ең соңғы үштікке еліміздің батыс аймақтары кіреді екен: Атырау облысы – 1 057 бала, БҚО – 1 244 бала, Маңғыстау облысы – 1 332 бала.

Некеде тұрмаған әйел босанған жағдайда, баланы тіркеген кезде оның әкесі мен анасының бірлескен немесе тек анасының өтініші негізінде баланың туу туралы акті жазбасында әкесі туралы мәліметтер беріледі немесе сот шешімімен әкелігі белгіленеді де, баланың тууы туралы акт жазбасында тиісті белгі койылады.

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button