Қазақстанда несиесі жоқ адамдардың саны қанша?
Қазақстанда экономикалық белсенділігі бар халықтың саны – 9 млн 200 мың адам десек, соның 2 миллионға жуығының мүлде несиесі жоқ екен.
Ал былтыр, 2020 жылы, 420 мың адам жаңадан кредит алған екен. Мұндай мәліметті Бірінші кредиттік бюроның басшысы Руслан Омаров айтты.
Оның айтуынша, қазақстан халқының банктен алған қарыздарының жалпы сомасы – 21,7 трлн теңге.
«2019 жылдан бері қарыз сомасы 1,3 трлн теңгеге дейін өсті. Қазақстан азаматтарының басым көпшілігі банкке қарыз. 16 млрд теңгеге жуық қарызды банктен, 456 млрд теңгені шағын несие ұйымдарынан алған», – дейді Руслан Омаров.
Несие алғандардың көбі – Алматы қаласының тұрғындары. 6,7 трлн теңге қарыз алған. Екінші орында – Елорда тұрғындары. Олар 1,9 трлн теңгенің қарызын алыпты.
Шымкент тұрғындарының қарызы – 666 млрд теңге.
Ал Қазақстандағы несиесі бар тұрғындардың саны – 7 млн-нан асады. Сонда 4 жанұяның 3,5-інде несие бар көрінеді.