Қоғам

Қазақстандық букмекерлердің жылдық табысына қанша үй сатып алуға болады?

Қазақстандағы казинолар арнайы аймақтарға көшірілгеннен кейін, адамдар букмекерлік кеңселердің есігін сығалай бастады. Қазір елімізде 40-қа жуық букмекерлік кеңсе және 2000-нан астам ұтыс тігу (ставка) пункттері жұмыс істейді.

Бұл өз кезегінде, құмар ойындарына тәуелді адамдардың санын арттыруда. Мұны ғылымда лудомания деп атайды.  Лудомания – бұл құмар ойындарға патологиялық тәуелділік және тұрақты түрде ұтыс тігіп отыруға деген еріктен тыс ұмтылысқа әкеп соқтырады.

Құмар ойындарына тәуелділік 1980 жылы психикалық ауытқу ретінде Халықаралық аурулар тізіміне енгізілген.

Қазақстанда қанша адам букмекерге тәуелді?

Қазақстандағы спорттық ұтыстардың айналымы жылына 2 миллиард долларға бағаланады. Оның 70%-ын Ресей букмекерлік кеңселері, 10%-ын Украинаның букмекерлік кеңселері және қалған 20%-ын ғана жергілікті ойыншылар бақылайды.

Қазақстанда құмар ойындарына тәуелділер саны 350 мың адамнан асады. Құмар ойындарына тәуелді адамдар үшін ұтыс тігу көңіл көтеру емес, жұмысқа айналған. Бұл 350 мың адам құмар ойындарына тәуелді болып қалған, психикалық жағдайы мүшкіл адамдар.

Букмекерлік кеңселер қанша табыс табады?

Букмекерлік кеңселердің бір жылдық айналымы 600-800 миллиард теңгені құрайды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметі бойынша, букмекерлік кеңселер 2020 жылы мемлекеттік бюджетке 16,5 миллиард теңге салық төлеген.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес құмар ойындарына салықтың екі түрі салынады. Салық сомасының негізгі есебі айлық есептік көрсеткішке сәйкес белгіленеді: 2020 жылдың сәуіріне – 2 778 теңге.

Салықтар айына бір рет букмекерлік кеңсенің кассасына әрбір ұтыс бойынша есептеледі, ол 300 АЕК-ні (МРП) құрайды, ал букмекерлік кеңсенің электрондық кассасына 3000 АЕК-ні (МРП) құрайды.

Қазақстандық букмекерлік кеңселердің бір жылдық айналымы 600-800 миллиард теңге болатын болса, бұған қанша үй сатып алуға болатынын есептей беріңіз.

Алматы қаласында 1 бөлмелі пәтер орташа есеппен 14 миллион теңге болса, шамамен 57 142 отбасы үйлі болады екен. Өз қалаңыздағы тұрғын үйдің құнын көрсетілген миллиардтарға бөлсеңіз, қанша пәтер сатып алуға болатынын көріп бас шайқайсыз.

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button