Қоғам

Үй алуға ақша жинаудың ең тиімді жолы қандай?

Баспаналы болуды армандап жүргендер қаншама?! Меншігіндегі тұрғын үй жағдайларын жақсартуды қалайтындар да жетерлік.

Ал бірақ бұл мәселені шешу үшін қаражаты жеткіліксіз. Ондай жағдайда сізге ақшаны тез әрі сенімді жерде көбейтудің жолдарын білу керек.

«Qadam.asia» бүгін баспана сатып алуға ақша жинаудың ең тиімді жолдарын ұсынады.

Ақшаны жинаумен қатар, көбейтіп отырудың тетігі бар ма?

Баспана сатып алуды немесе өзінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуды көздеп жүргендер не істеу керек?

Отандық банктер ұсынатын әртүрлі банк өнімдері осы мәселені шешуге мүмкіндік береді. Бірден пәтерге болмаса да, ипотека бойынша бастапқы жарнаға жинау сол шешімдердің бірі болып табылады.

Маңызды:

Мәселен, сіз баспана сатып алуға немесе жөндеу жұмыстарына ақшаны бірте-бірте жинауды көздейсіз. Алайда, құнының жартысын қолда бар меншікті қаражат есебінен, ал қалған жартысын банк қарызы есебінен төлеуді жоспарлап отырсыз. Ондай жағдайда Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі салымды қарастырыңыз.

Есте сақтаңыз:

Банк сізге:

  • жеке тұлғалар мен отбасылардың депозиттерін қабылдап, жаңа немесе қайталама тұрғын үйді сатып алуға қарыз береді;
  • «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы бойынша жаңадан салынған құрылыс орындарындағы пәтерлерді бөледі;
  • Жас отбасыларға тұрғын үйді жалға алып, кейіннен оны арнайы бағдарлама бойынша сатып алуға жағдай жасайды.

Тұрғын үй құрылыс жинақтары кіріс әкеле ме?

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі түрлі мерзімі мен әр алуан кірістілігі бар бірнеше депозит өнімдерін таңдауға ұсынады. Банк теңгедегі салымдарды 3,5 жылдан 15 жылға дейін қабылдайды.

Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі салымның мерзіміне тікелей байланысты: салым мерзімі аз болған сайын кірістілігі жоғары болады. Бұл кірісті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі есептейді және төлейді.

Маңызды:

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі осы сыйақыға қосымша мемлекеттік бюджеттен сыйлықақы есебінен жинақтар сомасының 20%-ын төлейді. Ол барлық салымдар бойынша төленеді, бірақ жыл сайын ең төменгі 200 есептік көрсеткіштен аспайтын сомада есептеледі.

Есте сақтаңыз:

Сіз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің сайтында әртүрлі депозиттік өнімдер бойынша кірістілікті өз бетіңізше есептей аласыз.

Депозитті ай сайын толықтырып отыру керек пе?

Сіздің депозиттегі ай сайынғы жарналарыңыздың сомасы өзіңіздің отбасыңыздың кірісіне байланысты дербес болады. Кіріс көп болмағанмен, міндетті түрде жүйелі болуы тиіс.

Егер отбасыңыздың кірісі көп болмаса немесе сіз ай сайын көп жарна жасауға дайын болмасаңыз, банк сізге салым мерзімін ұзартып, ал ай сайынғы толықтыру сомасын азайтуды ұсынады.

Бастапқы жарна сомасына қойылатын талаптар жоқ, ай сайынғы жарналардың сомасын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің консультанты шартты жасасу кезеңінде есептейді. Бұл есептеу ұсыным сипатында болады, алайда сома шартта белгіленеді.

Маңызды:

Шарт жасасу кезінде шарттық сома да айқындалады. Бұл дегеніміз – депозитке арналған барлық жүйелі жарналардың, бастапқы жарнаның және сіздің болашақ баспанаңыздың немесе жөндеу жұмыстарының құнына тең.

Есте сақтаңыз:

Салымды толықтыру жоспарынан ауытқығаны үшін айыппұл санкциялары көзделмеген, сіз салымды мүмкіндігіңізге қарай жасайсыз.

Бірақ кейінірек, қарыз бойынша мөлшерлемені есептеу кезінде банк сіздің қаржылық тәртібіңізді қарайды, яғни сіз депозитті қаншалықты жүйелі түрде толтырғаныңызды және қандай сома салғаныңызды ескереді.

Қанша ақша жинау қажет?

Әуелі мынаған назар аударайық, сізде тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинақтау тарихы бар. Алайда, сіз жаңа немесе қайталама тұрғын үйді сатып алуға немесе өзіңіздің үйіңізді немесе пәтеріңізді жөндеуге қарыз алғыңыз келеді.

Есте сақтаңыз:

Бұл жағдайда сіз қарыз ала аласыз. Банк тұрғын үй немесе жөндеу жұмыстарының 50%-на дейін үстеме қаржыландырады. Ал мөлшерлеме коммерциялық банктердің мөлшерлемесінен төмен болады. Яғни, банк беретін 50 %-дан бөлек, қалған ақшаны жинаған болуыңыз керек.

Сыйақы қандай жағдайда беріледі?

Маңызды:

Егер сіз:

  • депозитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған болсаңыз;
  • өзіңіздің тұрғын үй жағдайларыңызды жақсартуға жұмсаңыз;
  • баспана сатып алуды ішінара қаржыландыруға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қарызын алмасаңыз;
  • банктік салым шартын мерзімінен бұрын жапқан жағдайда.

Аталған жағдайлар орын алса, банк сізге мемлекеттік бюджеттен сыйлықақы төлеп қана қоймай, депозиттің кірістілігін қайта есептейді.

Есте сақтаңыз:

Егер жинақтың нақты мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімді құраса, онда сіз шарттың бүкіл мерзіміне жылдық 0,7%-дық мөлшерлеме бойынша, ал жинақтау мерзімі 5 жыл болса, жылдық 1%-дық мөлшерлеме бойынша сыйақы аласыз.

Көбіміздің бірден баспана алуға жағдайымыз келмей жатады. Сондықтан, тұрғын үй құрылыс жинақтары – бұл меншікті баспанасы туралы армандайтын немесе жеңілдік берілген қарыз арқылы жөндеу жұмыстарының бір бөлігін төлегісі келетін отбасылар үшін толыққанды қаржылық жоспар болып табылады.

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button