2030-ға 9 жыл қалды: Не өзгереді?
Бәрімізге белгілі еліміз «Қазақстан – 2030» бағдарламасына қарай бағыт алып барады. 2030 жылы қандай өзгерістер болуы мүмкін? Біз расында дамыған елдер қатарына қосыла аламыз ба?
Осы орайда, 2030 жылға қарай Қазақстанмен қатар, әлем елдерін де үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын айтқымыз келеді.
Азық-түлік пен су тапшылығы
Шынын айту керек, егер алдын-алу шаралары жүргізілмесе, біз азық-түліктің айтарлықтай тапшылығын сезінеміз. Тамақ пен суды тұтынудың жан басына шаққандағы қазіргі тенденциясына сүйенсек алдағы онжылдықтағы тапшылықтың болжалды шамасын анықтай аламыз.
Азық-түлікке деген сұраныс 2030 жылға қарай 35 %-ға өседі. Алайда ерттеулерге сәйкес, бидай немесе күріш сияқты дәнді дақылдар өндірісінің орташа өсімі 70-80 жылдарда жылына 2 % болса, 1990 жылдардан бастап 1% -ға дейін баяулаған.
Адамзат соңғы онжылдықта осыған дейінгі көптеген жылдар бойы өндіргенге қарағанда көбірек тағамды тұтынған. Бұл кейбір өндіріс салалары баяулағанмен, сұраныстың жоғары қарқынмен өсіп жатқанын аңғартады.
Әлем халқының шамамен 40 %-ы халықаралық маңызы бар өзендер бассейнінің іргесінде немесе оған жақын жерлерде өмір сүреді. Осы бассейндердің 200-ден астамын бірнеше мемлекет бөліп пайдаланады. Яғни, сұраныс артқан сайын судың қол жетімділігі азаяды. Статистикаға сүйене отырып, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму ұйымы (ЭЫДҰ) 2030 жылға қарай адамзаттың жартысына жуығы өткір су тапшылығын сезінетінін болжайды.
2030 жылы биотехнология арқылы адам миына чип енгізіп, ауруларды емдейді
Қазір біз жаңа технологиялар кезеңін бастан кешірудеміз және бізді күтетін өзгерістерді немесе олардың салдарын толық болжау қиын.
2030 жылға қарай қол-аяғы істен шығып, сал болып қалған адамдарға арналған имплантаттар мен протездеу өндіріске енуі мүмкін. Миға салынған микрочип арқылы робот-қолды басқару мүмкін болады. Бұл имплант пациенттің миынан сигналдарды қабылдайды да, робот-қолды кабельдік байланыс арқылы қозғалтады.
Сондай-ақ, миға орнатылған компьютерлік интерфейс технологиясының арқасында жоғалған көру қабілетін қалпына келтіруге болады. Күнге қарсы көзілдірікке ұқсайтын құрылғыға ми имплантациясы қосылады. Осының арқасында сіз көру қабілетіне ие боласыз.
Жасанды интеллект арқылы Альцгеймер, Паркинсон сынды ауруларды емдей аламыз
2014 жылы әлемдегі ең қуатты суперкомпьютерлердің бірі «Жапондық К.» адам миының ең дәл моделін жасап шықты. Ол адамның ми қызметінің бір секундын көбейту үшін 40 минут уақыт жұмсайды. Ғалымдар одан да қуатты компьютерлер пайда болған кезде миды толығымен модельдеуге болады деп болжайды. Бұл алдағы 10 жылда орын алуы мүмкін.
Адам миының құрылымын түсіну және оны көбейту мүмкіндігі Альцгеймер, Паркинсон және басқа да ми аурулары сияқты ауруларды емдеуде медицинада кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, бұл жасанды интеллект құру және үлкен деректерді қолдану бойынша жұмыста айтарлықтай ынталандыру береді.
Адам миының құрылымын және оның қабілеттілігін түсіну Альцгеймер, Паркинсон және басқа да көптеген ми ауытқулары ауруларын емдеуде үлкен септігін тигізеді. Жасанды интеллект ми жұмысын жақсарту арқылы таптырмас медициналық құрылғыға айналуы ықтимал.
Роботтар жұмыс күшін алмастырады
Тіпті дамушы елдерде де роботтар электроника сияқты салаларда жергілікті жұмыс күшін алмастыра алады, бұл адамдардың жалақы деңгейіне теріс әсер ететіні анық. Apple компаниясының өнімдерін шығаратын қытайлық Foxconn өз жұмысшыларының 80 %-ын роботтармен алмастыруды жоспарлап отырғаны белгілі.
Роботтарды пайдалану тек жұмыс орнымен немесе күнделікті өмірмен ғана шектелмейді. Автономды қозғалтқыштар, соның ішінде Google-дың өзін-өзі басқаратын машинасы – біздің трассаларды алдағы 10 жылда толтырады деп болжануда.
Бір сөзбен айтқанда, уақыт өте келе көптеген мамандықтар, тіпті кейбір қызмет салалары жойылады. Әмбебап компьютерлік құрылғылардың пайда болуы сол күнді жақындата түсуде.
Біз де әлемдік өзгерістерден қалыс қалмайтынымыз анық. Қазақстанның да өндірісі мен даму жолы әлемдік өзгерістерге тәуелді. Болашақтан тек жақсылық күтеміз!
«Qadam.asia»