Қоғам
232 мың теңге: Елде еңбекақы өсіп жатыр
Қазақстан азаматтарының еңбекақысы өсті. Ұлттық статистика бюросының есебінше, қазіргі қазақстандықтардың орташа еңбекақысы 232 мың теңгеден асты.
Еңбекақы былтыр күзден бастап өсуде. 2020 жылы қазанда – 209 818 теңге, қарашада – 211 033 теңге, желтоқсанда – 220 848 теңге, 2021 жылы қаңтарда – 222 261 теңге, ақпанда – 223 213 теңге, наурызда – 224 715 теңге, сәуірде – 231 319 теңге болды.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарағанда, елде 451 мың адам жұмыссыз. Бұл халықтың 4,9 пайызын құрайды. Оның 222 мыңы жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұр.