Қоғам

36 жасқа дейінгі азаматтарға баспана беретін тағы бір бағдарлама іске қосылды

Нұр-Сұлтан қаласының жастарына арнап жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Атауы – Elorda Jastary. Аталмыш бағдарламасы былтыр жасалғанымен, биыл ғана іске қосылды.

Бұл әлеуметтік бағдарламаға 36 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.

Астанада тіркелгеніне 1 жылдан асуы тиіс. Бағдарламаға қатысушылардың өзі үйі болмағаны дұрыс. Еңбек өтілі – бір жыл.

Азаматтарға 13 млн теңгеге дейін заем беріледі. Жеңілдетілген 5 пайызбен.

Тұрғын үйдің бағасында шектеу жоқ.

«Жұмысшы жастарға арналған жалдамалы баспана» бағдарламасы ары қарай жалғасады. Осы жылдың соңына дейін 1000 азаматқа баспана берілу жоспарда.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button