Қоғам

Ай сайынғы шығынды азайтудың жолы қандай?

Көп ақша табатын адам ғана емес, ақшасын үнемдейтін және отбасылық бюджетін ұлғайтуды білетін адамдар да дәулетті бола алады.

Қазіргі пандемия жағдайына байланысты көптеген жұмыс орындарында жалақының төмендеуі байқалуда. Мұндайда ақшаны үнемдеу өте маңызды.

«Qadam.asia» бүгін ай сайынғы шығынды азайтудың жолдарын айтып береді.  

Шығындарды қалай бақылаймыз?

Бір нәрсе анық: біз бастықты жалақыны бірден екі есеге көтеруге мәжбүрлей алмаймыз. Бірақ біздің қажетсіз шығындарды қысқартуға мүмкіндігіміз бар. Бірінші қадам – бар қаражатыңыздың шегінде өмір сүру әрі ақшаны қаншалықты және неге жұмсайтыныңызды білу.

Маңызды:

Күн сайын қанша ақша жұмсайтыныңызды есептеңіз. Негізінен барлық адамда жұмсалатын ақша бірдей болып келеді.

Мәселен, жалақыңыз 200 000 теңге деп алайық.

  • Коммуналдық қызмет – 20 000 тг;
  • Интернет және мобильді байланыс – 7 000 тг;
  • Азық-түлік пен шаруашылық заттары – 50 000 тг;
  • Жеке автокөлік не қоғамдық көлік – 10 000 тг;
  • Депозитке салынатын жарна – 20 000 тг

Осы қарапайым есептеуден кейін сізде 93 000 теңге қалады, оған киім-кешек сатып алу, киноға бару және достарды туған күндерімен құттықтау сынды дүниелер кіреді.

93 000 теңгені 30 күнге бөлеміз, сосын бір күндік бюджетті шығарамыз – 3 100 теңге.

Егер сіз жалақыны алған күні достарыңызбен басқосуға барсаңыз, ал таңертең 15 000 теңге жетпей қалса, онда осы айдың бір күндік бюджеті тағы да қысқарады.

Енді сіз 2 689 теңгеден көп жұмсай алмайсыз.

Есте сақтаңыз:

Бұл өзіне тиесілі жеке үйі бар адамдарға арналған есеп. Егер сіз пәтер жалдап тұратын болсаңыз, есеп аздап өзгереді.

Мұндай жағдайда отбасылық бюджеттен жұбайыңыздың айлығын пәтердің ақысын төлеуге жұмсайсыз. Отбасылық бюджетті ең әуелі маңызды шығындарды бірден өтеп тастауға жұмсау керек.

Есте сақтаңыз:

Бір күндік лимит – бұл қажетсіз сатып алудан қорғану. Күн сайынғы шығындарыңызды үнемі жазып отырыңыз.

Біз көбінесе кофе ішуге және жеңілдік кезіндегі қажетсіз заттарға ақшамызды көп жұмсаймыз. Шығындарды бақылай отырып, сіз кейбір қателіктеріңізді түсіне бастайсыз. Күн сайын ақша үнемдеу арқылы, жиналған қаражатқа ірі заттарды сатып алғыңыз келе бастайды. Осылайша, үнемдеу тәсілдерін тағы да іздестіре бастайсыз.

Шығындарды қалай азайтуға болады?

Егер бірнеше ай бойы шығындарыңызды тіркейтін болсаңыз, онда салыстырып талдауға мүмкіндігіңіз болады.

Енді сұрақ:

Ақшаны көбінде неге жұмсайсыз және шығындарды қалай азайтуға болады? Бұл сіздің әдеттегі өмір сүру тәртібінен бас тартуыңызды білдірмейді. Керісінше, сіз ендігі ақшаны ойланып жұмсайтын боласыз.

Төлем картасы туралы барлық ақпараттан хабардар болыңыз

Банктер қолма-қол ақшасыз төлемге мүдделі және клиенттер үшін жеңілдігі бар бағдарламаларды әзірлеп отырады. Көп жағдайда картамен ақша төлегенде, ақшаның бір бөлігі кері қайтарылады – бұл кэшбек деп аталады. Мұндай ұсақ ақшалар да жиналып, бір қажетіңізге жарайды.

Менюді бір аптаға жасаңыз

Байқасаңыз, үйдің қасындағы дүкеннің бағасы супермаркеттегі бағадан 10-15%-ға жоғары. Сол үшін бір аптаға арналған меню әзірлеңіз: қажетті азық-түліктің тізімін жасап, оларды супермаркетке барғанда бірден сатып алыңыз. Осылай төрт апта өмір сүріп көріңіз де, чектерді өткен айдағымен салыстырыңыз. Сонда айырмашылықты бірден байқайсыз.

Тарифтер мен акцияларды қадағалаңыз

Ұялы байланыс немесе кабельді теледидар операторлары әрбір клиент үшін күресуге дайын. Олар жеңілдіктерді үнемі жариялап отырады. Мысалы, 50%-дық жеңілдігі бар мобильді интернеттің жылдық пакеті сатылымға шықты деген хабарлама келуі мүмкін. Смс-хабарламаларды елемей қоймаңыз: кейбір кезде спам арасында қолайлы ұсыныстар кездеседі.

Интернеттен сатып алыңыз

Әдетте, интернет дүкендердегі бағалар төмен болып келеді. Себебі, сатушы үй-жайды жалдағаны үшін және консультант сатушыларға ақы төлемейді. Мәселен, сайттан әуе билеттерін сатып алғанда, әуе кассасының немесе турагенттіктің комиссиясын үнемдей аласыз.

Ай сайынғы шығындарды қысқарту тәсілдерін естен шығармаңыз:

  • Бір күндік бюджеттің шегінен шықпаңыз;
  • Банктік картамен ақы төлеңіз: кейбір кезде сатып алу пайызы картаға кері қайтады;
  • Егер менюді бір аптаға жасасаңыз, онда азық-түліктен 15%-ға дейін үнемдейсіз;
  • Интернет-дүкендерде әдеттегі дүкендерге қарағанда баға төмен;
  • Әртүрлі жеңілдіктерді қадағалап отырыңыз.

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button