Қоғам

Алматының құлауы бүкіл елді басып алуға жол ашар еді – Президент

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі тәртіпсіздіктерді мемлекетке қарсы нағыз террористік соғыс деп бағалады. 

«Мемлекет ресурсын тауысу үшін шабуыл ұйымдастырушылар үлкен майдан ашты. Агрессия бір уақытта 11 өңірді қамтыды. Бірақ негізгі соққы Алматыға қарсы бағытталды. Өздеріңіз білетіндей, бұл біздің ең ірі қаламыз және елдің қаржы орталығы, онда маңызды көлік және коммуникация тораптары шоғырланған. Алматының құлауы халық тығыз орналасқан оңтүстікті, содан кейін бүкіл елді басып алуға жол ашар еді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезектен тыс отырысында. Президенттің айтуынша, террористер құқықтық тәртіп күшін өзіне тартып, содан кейін Қазақстан астанасына соққы беруді көздеген. «Біз Президент резиденциясының айналасында содырлардың жиналғанын көрдік. Шын мәнінде, бұл біздің мемлекетке қарсы түрлі әдістермен басталған нағыз террористік соғыс болды. Бұл біздің бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдауымызды талап етті», – деді Қ. Тоқаев. Бұған дейін Президент Алматыда полиция депаратменті маңындағы ұрыс 2 түнге созылғанын айтқан еді. «Бұл – жақсы дайындықтан өткен кәсібилердің, оның ішінде арнайы винтовкалары бар снайперлердің әрекеті», – деп бағалады Қ. Тоқаев.

Дереккөз
ҚазАқпарат

Ұқсас мақалалар

Back to top button