Қоғам

Армян көлігінің иелері 1 сәуірге дейін салық төлеуі тиіс

2020 жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстанға кіргізілген армян көлігінің иелері салық төлейді. Нақтырақ айтсақ, армян көлігіне Қазақстанда тіркеуге қойған азаматтар осы жылдың 1 сәуіріне дейін салық төлеуі тиіс.

Мұны ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Осы күнге дейін Қазақстан Республикасы аумағына әкелінген автокөліктер Армения Республикасының уәкілетті органдарында тіркеуде тұрған еді. Сондықтан екі елге де салық төлейтін. Енді олай емес. Армения Республикасымен келіссөз жүргізудің арқасында ҚР Ішкі істер органдарына тіркеу есебіне қойылған автокөліктердің салығы енді біздің елге ғана түседі. Осы мақсаттар үшін екі мемлекеттің салық органдары ҚР-да тіркелген күнін көрсете отырып, тіркелген көлік құралдары бойынша мәліметтер алмасуды жүргізетін болады«, – деп мәлімдеді Қаржы министрлігі.

Армениядан әкелінген көлік құралы Қазақстанда қай күні мемлекеттік тіркеуге қойылды, сол күннен бастап салық төленеді. Мәселен, 2020 жылдың 1 ақпанына дейін елге әкелінген армян көлігі сол жылы қарашада тіркеуге қойылса, онда қараша мен желтоқсан айының салығын төлеуі тиіс. Ал салықты 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін төленеді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button