Қоғам

«Отбасы банк» зейнетақы қорындағы ақшаны аудару үшін шот ашуды бастады

«Отбасы банк» 13 қаңтар күні біржолғы зейнетақы төлемдерін аудару үшін арнайы шоттар ашуды бастады.

Естеріңізге сала кетейік, «Отбасы Банк» уәкілетті оператор ретінде зейнетақы жинақтары аударылатын арнайы ағымдағы шоттарды ашуға және жүргізуге, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін аударуға байланысты агенттік қызметтер көрсеткені үшін комиссия алмайды.

«Отбасы банк» кешегі күннің өзінде 12 222 қазақстандық зейнетақы төлемін алу үшін арнайы шот ашып үлгергенін айтты.

Арнайы шот ашу «ЖССБ 24» қосымшасы және банктың реми сайтындағы бейне қоңырау қызметі арқылы жүргізіледі.

«Біз БЖЗҚ салымшыларына мақсаттарына бір қадам жақындап, арнайы шотты онлайн ашуды ұсынамыз. Бұл біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтініш берген кезде, тұрғындарымыздың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді», – дейді банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

«Отбасы Банк» АҚ-ның клиенті болып табылмайтын зейнетақы қорының салымшыларына арнайы ағымдағы шоттар ашу үшін төмендегі қадамдарды жасау қажет:

  • «ЖССБ 24» мобильді қосымшасын жүктеп, құрылғыңызға қондыру қажет (IOS және Android);
  • Қосымшаның басты бетінің төменгі жағындағы «Біржолғы зейнетақы төлемі үшін шот ашу» пернесін басыңыз;
  • Сосын қолданыстағы ұялы телефон нөмірін және ЖСН енгізіңіз;
  • Ұялы телефон нөміріңізге коды бар SMS жіберіледі;
  • Келген кодты енгізіңіз;
  • Сканерлеу үшін жеке куәлігіңізді дайындап қойыңыз;
  • Енді өзіңізді куәландыру қажет. Экранға қарап, қиын емес бірнеше іс-әрекетті орындаңыз;
  • Верификациядан сәтті өткеннен кейін клиент сауалнамасындағы жеке деректерді толтырыңыз;
  • Деректерді өзгертуге арналған өтінішпен, Банктің стандартты талаптарымен және біржолғы зейнетақы төлемі үшін шот ашу туралы өтінішпен танысыңыз;
  • Бұл әрекет расталу үшін сіздің нөміріңізге коды бар SMS жіберіледі, келген кодты енгізіңіз;
  • Әрі қарай, интернет-банкингке кіру үшін пароль ойлап тауып, енгізіңіз. Мобильді қосымшаға жылдам кіру үшін 4 саннан тұратын пасскодты ойлап тауып, енгізіңіз;
  • Сонымен, біржолғы зейнетақы төлемі аударылатын арнайы ағымдағы шот ашылады.

Арнайы шот ашу операциясы апта сайын дүйсенбіден сенбіге дейін 9.00 мен 21.00 аралығында жүргізіледі.

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button