Расул Жұмалы әрбір азаматқа 10 сотық жер беруді мақұлдауды ұсынды
Саясаттанушы, қоғам белсендісі Расул Жұмалы жер комиссиясы отырысында Қазақстанның әрбір азаматына тегін жер беруді мақұлдау керегін ұсынды. Оның айтуынша, бұл мәселенің талқыланып келе жатқанына біршама уақыт болды. Алайда әлі нүктесі қойылған жоқ.
«Шетел азаматтарына жалға беруге, латифундисттер алатын жеріміз бар екен. Ал жер телімін алуға кезекте тұрған 1,5 млн адамға неге жер табылмай қалды? Ол бізде бар. Әрине, оны ұйымдастырудың өзіндік техникалық талаптары бар. Соны қарастыруымыз керек. Бұл мәселенің көтерілгеніне біраз уақыт болды. Әлі беті бері қараған жоқ. Оны шешетін сәт келді«, – деді комиссия отырысында Расул Жұмалы.
Айта кеткен жөн, Қазақстан ауыл шаруашылық жерінің көлемі жағынан әлемде 6-орында, ал жер тығыздығы жағынан Аустралия құрлығынан кейін 2-орында тұр. Әрбір азаматқа 1,3 гектардан жер келетін көрінеді.
Ал жер телімін алуға кезекке тұрғандардың саны – 1 млн 500 мың адам. Олар жер үй салғысы келетіндер.
«Үй салу немесе бағбандықпен айналысуға берілсе жөн«, – дейді Жұмалы.
Оқи отырыңыз: Мұхтар Тайжан жер комиссиясына ұсыныстар айтты