Сатып алатын пәтердің сапасын қалай тексереміз?
Көбіміз пәтер сатып алатын кезде қолжетімді баспана іздейміз. Қымбат үйлерге қаражатымыз жетпегендіктен, жаңадан салынған әлеуметтік пәтерлерге жүгінеміз. Ал, олардың сапасы қаншалықты?
Есте сақтаңыз:
Тұрғын үй кешенін таңдау кезінде құрылыс компаниясы нарықта қанша жыл жұмыс істегені, қанша тұрғын үй кешенін салғаны, олармен байланысты дау-жанжалдар болған-болмағаны, тапсырыс беруші кім екені, бас мердігер және құрылысты салушы компания туралы толық мәлімет жинаңыз.
Құрылысқа берілген рұқсатпен, әкімдіктің учаскені бөлу туралы шешімімен, құрылыс салушы компанияның лицензиясымен танысыңыз. Егер компанияның ресми сайтында бұл құжаттар болмаса, менеджерден сұраңыз.
Интернеттен таңдалған мүлік туралы шолуларды оқыңыз немесе сол жерден пәтер сатып алғандардан сұраңыз.
Интернеттен өзіңіз таңдаған тұрғын үй кешені туралы пікірлерді оқыңыз немесе сол жерден пәтер сатып алғандардан сұрастырып көріңіз.
Сатып алатын пәтермен танысқанда неге мән беру керек?
Сатып алатын пәтерді күндізгі уақытта барып көріңіз. Сонда кемшіліктерді байқау оңайырақ болады.
Өзіңізбен бірге фонарь, ғимарат деңгейін өлшегіш (строительный уровень), рулетка, рейка, лампочка және телефон қуаттандырғышын алып алыңыз. Бұл заттардың сізге пәтердің ақауларын тексеру үшін керек болады.
Есіктерді тексеріңіз
- Құлып, тұтқалар мен есіктің көздері мықтап бекітілуі керек, ал саңылау зақымданбаған болуы тиіс;
- Есікті бірнеше рет ашып-жауып көріңіз. Мықтап орнатылғанына және есікті жапқанда ернеуінде бос кеңістік қалмайтынына көз жеткізіңіз;
- Ішкі есіктердің биіктігі мен енін тексеріңіз (жоғарыдан және төменнен өлшеңіз). Биіктігі 2.1 метр болу керек, ал ені қонақ бөлмеде – кем дегенде 100 см, ас үйде және жатын бөлмеде – 90 см, жуынатын бөлмеде – 80 см болуы тиіс. Егер осы стандарттарға сәйкес келмесе, есікті жаңадан салдыруға немесе саңылауды қайта жасауға тура келеді;
- Есікті біраз уақыт ашып қойыңыз да, өздігінен қозғала ма, әлде қатып тұра ма, соны біліңіз. Егер өзгерісті байқасаңыз, онда есік жақтауы қабырғаға қисық орнатылған деген сөз.
Терезелерді тексеріңіз
- Терезенің сыртқы түріне және саңылау жоқ екеніне назар аударыңыз. Терезе ешқандай дыбыссыз оңай жабылуы керек;
- Екі қабатты әйнектен тұратын терезеде ақау жоғын және буланбауын тексеріңіз;
- Терезенің жақтауы мен беткейлері бір түсті болуы керек, саңылау мен жарықтар герметикамен жабылуы тиіс.
Қабырғаларды тексеріңіз
Шпаклевканың тегістігін тексеру үшін фонарьды қабырғаның төменгі жағынан түсіріңіз. Ғимарат деңгейін өлшегішті (строительный уровень) қабырғаға қою арқылы да тексеріп алуды ұмытпаңыз.
Тіктеуішпен (отвес) және сызғышпен де тексеріңіз. Қарапайым сылақтың вертикалдан ауытқуы бөлменің биіктігінде 15 мм-ден аспауы керек, орташа – 10 мм, жоғары сапада – 5 мм болады.
Еденді тексеріңіз
Еден біркелкі түсті болсын және жарықтар мен сырылған болмауы керек. Табалдырықтың биіктігі 3 см-ден аспа тын болсын. Тіптен балконда да, кіре берісте де см.
Үйдің төбесін (потолок) тексеріңіз
Үйдің биіктігі орташа стандартқа сәйкес келуі керек – кем дегенде 2,5 м. Рулеткамен өлшеңіз, әсіресе Егер керме төбелер орнатуды жоспарласаңыз, онда рулеткамен өлшегеніңіз абзал.
Квадратура құжатпен сәйкес келетінін тексеріңіз
Пәтердің құжаттарда көрсетілген ауданы қазіргі нақты ауданынан өзгеше болуы мүмкін. Қисық қабырғаларды түзету үшін қосымша сылақ жүргізгенге байланысты көбінесе шаршы метрлер қысқарып қалады.
Құбырларды тексеріңіз
Жертөлеге түсіп, құбырларды тексеріңіз. Құбырлардың маркасы мен өндірушінің кім екендігі туралы ақпараттарды сұраңыз. Коммуналдық қызметтерге кепілдік мерзімі туралы және осы кезеңнен кейін олар үшін кім жауап беретіндігі туралы сұрауды да ұмытпаңыз.
Үйдің ауа алмасуын реттейтін вентиляцияны, электр сымдарының орналасуын, коммуналдық төлемдерді есептейтін счетчикті тексеріп, міндетті түрде қарап шығыңыз.
Кепілдіктер туралы біліңіз
Құрылыс салушы кепілдік беруге міндетті.
Әдетте құрылыс компаниясы жалпы құрылыс және әрлеу жұмыстарының сапасына, абаттандыру элементтерінің сақталуына бір жыл бойына жауап береді. Ал, инженерлік коммуникациялар үшін 2 жылға, ғимараттың қаңқасы үшін 70 жылға кепілдік беріледі.
«Qadam.asia»