Қоғам

Зейнетақы қорындағы ақшаны қалай аламыз?

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында 2021 жылдан бастап Қазақстан азаматтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымының бір бөлігін ала алатыны туралы айтты. Яғни, 700 мыңнан астам азамат өз салымының бір бөлігін алуға құқылы.

Президент Жолдауынан кейін халық арасында зейнетақы қорындағы салымдарына қатысты көптеген сұрақтар туындауда. QadamAsia сайты елді толғандырған сұрақтарға жауап іздеп көрді.

«Шеткілікті шектен» асқан қаржыны ғана ала аласыз

Қазақстан азаматтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) салым мөлшері «жеткілікті шектен» асқан жағдайда ғана оның бір бөлігін алуға құқылы. 

«Жеткілікті шек» деген не?

Сіз Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жалақыңыздың бір бөлігін аударасыз. Яғни, салым саласыз. Бұл сіздің есепшотыңызда жиналады. Сізге жиналған қаржыңыздың белгілі бір бөлігін жұмсауға болмайды. Ол қаржы есепшотыңызда сақталуы тиіс. Есепшотыңыздағы сақталуы тиіс жинақ ақшаңыздың ең төменгі мөлшері «жеткілікті шек» деп аталады. 

Бұл сізді болашақта төленетін зейнетақымен қамтамасыз ету үшін қажет. Сол себепті, сіздің жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі есепшотыңызда белгілі бір мөлшерде қаражат болуы маңызды. Осы шектен асқан ақшаңызды алуға рұқсат етіледі. 

«Жеткілікті шек» салымшының жасына қарай белгіленеді

«Жеткілікті шектің» мөлшері адамдардың жасына қарай әртүрлі болады. Жасыңыз үлкен болған сайын, есепшотыңызда сақталуы тиіс ақшаның мөлшері артып отырады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осыған байланысты алдын ала есеп жүргізді. Адамдардың жасына байланысты «жеткілікті шек» мөлшері Министрлік ұсынған төмендегі кестеде көрсетілген:

Зейнетақы қорындағы қаржысын кімдер ала алады?

Әуелі, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаны қандай мақсатта алуға болатынынатоқталайық. Зейнетақы қорына аударған салымыңыздың бір бөлігін үш жағдайда ала аласыз:

  • Тұрғын үй жағдайын жақсартуға;
  • Емделуге;
  • Жекеменшік қаржы компанияларының басқаруына беруге;
  • Сондай-ақ, бір мақсатқа пайдаланатын болса,отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіруге болады.

Салымының бір бөлігін ала алатын азаматтардың қатарына кіретіндер:

  • Еңбекке қабілетті жастағы жұмыс істеп жүрген азаматтар салымының бір бөлігін ала алады. Ол үшін Зейнетақы қорындағы ақшасы «жеткілікті шектен» асуы тиіс. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің есебінше, олардың саны 529,7 мыңнан асады.

  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақтары бар зейнеткерлер өзіне тиесілі қаражаттың 50 пайызын алуына болады. Ол үшін зейнеткер бұрынғы табысының кемінде 40 пайызына тең мөлшерде зейнетақы алатын болуы қажет. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің есебінше, олардың саны 178,4 мың адамды құрайды.

  • Бұған дейін өзіне зейнетақы аннуитетін рәсімдеген және сақтандыру қорына аударғаннан кейін де БҚЖЗ-да салымы қалған азаматтар өзіне тиесілі ақшаны алуға мүмкіндігі бар.  

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің есебінше, олардың саны 13,3 мың адам шамасында.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button