Қоғам

Жер сату: Жерді үлестіру құзіреті енді орталық органдарға берілуі мүмкін

Жерді пайдалану және қорғауды мемлекеттік тұрғыдан бақылау функциясы жергілікті атқарушы органдардан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына өтті.

Нақтырақ айтсақ, Жер реформасы жөніндегі комиссияның құқықтық мәселелер жөніндегі екінші жұмыс тобы жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функцияларын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің қарамағына қайтаруды құп көрді.

Бұған дейін жерді бөлу мен беру, оны қайтарып алу сынды қызметтерді жергілікті атқарушы органдар, яғни, әкімдіктер жүргізген еді. Бұл функция әкімдікке қарасты жер қатынастары мекемесіне 2014 жылы берілген. Ал 2018 жылы жерді бақылау функциясы мүлде аудан және қала әкімдерінің құзіретіне берілген еді.

Енді жоғарғы мемлекеттік аппарат бұл құзіретті өзінің қолына алды.

Мұндай шешімге әсер еткен себеп – 25 наурыза күні өткен Жер комиссиясының отырысында қоғам белсенділерінің жерді әкімдік қарамағына беру сыбайлас жемқорлыққа әкеледі деген уәжі еді.

Аталмыш жұмыс тобының басшысы Ерлан Барлыбаевтың айтуынша, жерді пайдалану мен қорғауды бақылау функцияларын орталық уәкілетті органға беру мәселесін Парламент депутаттары, Бас прокуратура, Жоғарғы сот, «Атамекен» ҰКП және тағы басқалар көтеріп отыр.

Енді бұл ұсыныс Жер туралы заңнамаға енгілсе, бақылау мен қадағалау функциялары орталық органдардың құзіретіне өтпек.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button