Қоғам
Жыл басынан бері 6 мың қандас елге оралды
2021 жылы 1 мамырға дейін 5 685 қандас тарихи отанына көшіп келді. Ал 1991 жылдан бері 1 млн 76 мың этникалық қазақ еліне оралған екен.
ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сүйенсек, биыл бес айдың ішінде елге оралған қандастардың басым бөлігі, яғни, 4300-ден астамы Өзбекстаннан қоныс аударғандар екен. Қалғандары Қытай мен Түркіменстаннан және Моңғолиядан.
Отанына оралған этникалық қазақтардың көбі Алматы, Түркістан, Маңғыстау мен Жамбыл облыстарына және Шымкент қаласына қоныс тепкен екен.
Қандастардың 57,2 пайызы жұмысқа қабілетті азаматтар. 24,6 пайызы – жасөспірімдер. Қалған 18 пайызы – зейнеткерлер. 11 пайызының білімі жоғары, 40 пайызының арнауы орта білімі бар.