Мәдениет

Қазақстан биылғы EXPO-ға арнап Дубайда алып павильон тұрғызды

Қазақстан Дубайдың төрінде дүниежүзілік әмбебап көрме EXPO-2020-ге арнап алып павильон тұрғызды. Биылғы көрме 2021 жылы 1 қазанда басталып, 2022 жылдың наурызында бітпек.

Аталмыш көрмеге павильон тұрғызуды Қазақстан жақында бастаған. Бірақ құрылысының басым бөлігі аяқталып қалды.

«Павильон дайын. Құрылыс жұмыстары бітті. Ішкі әрлеу жұмыстары жасалуда. Маусым айында бүкіл жұмыс аяқталады», – деп түсініктеме берді Қазақстан павильонының бас комиссары Аллен Чайжунусов ТАСС-қа берген интервьюде.

Бас комиссардың айтуынша, қазақ павильоны нағыз сәулет өнер. Үлкен территорияны алып жатыр. Дәл БАӘ павильонында екінші боп орналасқан. Ауданы – 3,4 мың шаршы метр. Үш қабатты, төрт көрме алаңы бар. Экспозициялары тарихы мен мәдениеті бай Қазақстан елінің бірегей пейзажын көрсетуі тиіс.

«Павильон ішінде қазақтың ұлттық тағамдарын беретін мейрамхана бар. Елдің мәдени, туристтік және инвестициялық қуатын көрсеткіміз келеді. Air Astana, ҚазМұнайГаз, Қазатомпром мен Қазақстан темір жолы сынды ұлттық компаниялардың портфельдері қойылады. Қазақстан кәсіпкерлерінің іскерлік бағдарламалары болады», – деп атап өтті Чайжунусов.

Чайжунусовтың айтуынша, Дубай биылғы EXPO-ны өткізу үшін Қазақстанның тәжірибесін қолданған екен. Атап айтқанда, логистиканы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бас көрме орталығын құру сынды ұйымдасу шараларын алған.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button