Мәдениет

5:32. Netflix «биляши» үшін Отандық web сериалға мойын бұра ма?

Қараша айының 11 күні «Пацанские истории» youtube каналында 2 сериядан тұратын, Отандық web сериалдың тұсауы кесілді. 4 күн ішінде 800 мыңнан астам көрілім жинап, алыс-жақын шетелдегі көрерменнің көзайымына айналған, тек қана позитив тілек білдіріп жатқан «5:32» сериалы несімен ерекшеленді? Пікірде жазып жатқандай «Netflix отандық өнімге мойын бұра ма?».

Қоюшы режиссер, бас продюсер әрі сценарий авторы – Әлішер Утев.

Сериалдың бірінші бөлімі youtube каналда жарық көрсе, екінші бөлімі aitube-де жарық көрді. Қазір Қазақстанда Aitube платформасын жарнамалау, сол жаққа көрерменнің назарын аудару жұмыстарының қарқынды жүріп жатқанын жақсы білеміз. Дегенмен бұл жолғы сериалдың жөні бөлек болды. Себебі youtube арқылы сериал көріп үйренген жұрт үшін, aitube-ке өту, сол жақтан сериалды жалғастыру негатив тудырды. Тек бұл жолы емес. Дәл осы «5:32» сериалының жалғасын көру үшін Отандық платформаға ағылғандар саны артты. Бұдан бөлек, Aitube арқылы сериалдағы қанды, адам жүрегіне ауыр салмақ салатын сәттерін анық көре аласыз.

Дисклеймерде сериалдың 21 жастан бастап көруге болатынын, онда зорлық-зомбылықтың, қанның, алкогольді өнімдер мен темекінің бар екені ескертіледі. Тіпті жүкті әйелдер мен психикасы нашар адамдарға көрмеуге кеңес те береді. Дәл осындай ескертудің өзі адам бойындағы адреналинді оятып жіберері анық.

Такиситы/ Дело 1/ 5:32

90-жылдары елдегі адам етін жейтін, адам өлтіріп кәсіп қылған кезеңді суреттейін бұл бөлімде адам жаны түршігетін, жас қыздардың өлімі суреттеледі.

Сериалдың шынайылығы сондай, таңдалған орын, үйлер де, көліктер мен кейіпкерлердің киім киісі де сол кезеңді еске салады. Жан бағу үшін, өлместің қамын жасауға тырысқан қоғамның бейнесін қайта бір көз алдыңызға әкелгендей болады.

Осы сериалдан кейін әлеуметтік желіде түрлі пост, пікір қалыптасты. Қыздардың жол жүргенде абай болу керек екені, бәріне сақтықпен қарап, жалғыз жүрмеуге шақыратын ойлар да жазылды. Себебі сериалдың адамға әсер ететін тұсы көп. Бұрын Отандық фильмдерде, сериалдарда қанды ашық көрсету, өлімді нақты бейнелеу жағы жоқ еді. Ал бұл сериалда режиссер бәрінің қалай бар, солай қалуын талап еткендей.

Сериалда өткенге оралу, еске алу, бұрын болған оқиғаларды қайта көрсету секілді тұстарымен ерекшеленеді. Тек еске алған оқиғалардың өзі бір сериалдың толық шығуына арқау болған. Ал ол естеліктер Шалқар есімді із кесушінің қолындағы құжаттар арқылы, ондағы суреттер, сызбалар арқылы бейнеленіп отырады.

Кейіпкерлердің образы, қос қанішердің бейнесі көрерменнің күдігін тудырып қана қоймай, ішке демін тартып отырып, «енді не болар екен?» деген сұрақты басында шыр айналдырады.

Монстр в юбке/ Дело 2/ 5:32

Аталған сериалды тек Aitube-тен көре аласыздар. «Енді биляши жемеймін» деген мәтіндердің әлеуметтік желіде қаптап кетуіне әсер еткен осы бөлім.

Мұнда да оқиғалар шынайы суреттеледі. Екі сериалдың да бір-бірімен байланысы бар.

Бұл бөлім бірінші бөлімге қарағанда тым қатыгез суреттеледі. Адам етінен жасалған биляшиден кейін көрерменнің біраз уақытқа дейін «неге көрдім?» деп айтуы да заңдылық.

Жүрегі қатайып, тас болып қалған, өмірден әбден мән жоғалтқан қоғамның пердесін сырып, ар жағындағы өмірдің мүлде басқа екенін көрсеткен режиссерге, жалпы командаға және кейіпкерлерге оң бағасын беріп жатқандардың саны артып келеді.

Аталған сериал 12 бөлімнен тұрады. Бұл туралы режиссердің өзі айтып берді. Сериал толығымен шынайы оқиғаға негізделіп жасалған. Режиссер бұл сериалды түсіретін кезде көп зерттеу жасап, фактілерді жинақтағанын да айтқан.

Netflix-тің тәбетін аша ала ма?

Әлемдік деңгейде сериалдардың үлкен резонанс тудыруына ықпал етіп жатқан Netflix екенін жасыра алмаймыз. Соңғы «Кальмар ойындары» сериалының өзі үлкен аудиторияны қамтып қана қоймай, ең көп сатылған, кассалық жақтан да рекорд орнатқан сериал болды.

Қоғамдық-әлеуметтік проблеманы ашық көрсетуден, бейнелеуден қорықпайтын Netflix үшін «5:32» сериалы Орта Азиядағы 90-жылдары болған оқиғаны нақты суреттей білген өнім ретінде қызықтыруы мүмкін. Бұл әрине, редакцияның ойы ғана емес, сериал астында жазылған пікірлерде жиі кездесетін көрерменнің ойы.

Дереккөз
Salem social media

Ұқсас мақалалар

Back to top button