Мәдениет

Димаш Құдайберген «Славян базарына» тағы қатысады

Бұл жолы қатысушы ретінде емес, әзілқазылар алқасында төрелік ету үшін барады. Мұны өнер фестивалін ұйымдастырушылар мәлім етті.

Деловой Казахстан басылымының жазуынша, Димаш Құдайберген Беларусь мемлекетіне осымен үшінші рет бармақ. Витебск қаласында өтетін Славян базары» эстрада әндері байқауының биыл 30 жылдық мерейтойы екен. 2021 жылы 15-19 шілде күндері өтетін бұл байқауға Димаш Құдайберген әділқазы ретінде бармақ.

Ал бұл халықаралық байқауға қатысуға Қазақстаннанның атынан іріктеліп шығатын топты бағалайтын әділқазылардың төрайымы Роза Рымбаева болмақ.

«2015 жылы Қазақстан өнерпаздары «Славян базары» байқауында бірінен кейін бірі топ жарып, жарықжұлдыз болған жайы бар. Фестивальдің гран-приін Димаш Құдайберген, ал балалар музыка байқауының бас жүлдесін Луиза Нұрқуатова алды. «Славян базары» фестивалі Димаш Құдайбергеннің атын шығарды. Мұны өзі де айтып жүр. Биыл Димаш эстрада әндерін орындау байқауының қатысушыларына бағалап, әділқазы болмақ», – дейді «Славаян базары» фестивалін ұйымдастырушылар.

Айта кеткен жөн, Димаш бұған дейін де аталмыш байқаудың әділқазылар алқасында болған. Алдымен 2018 жылы, кейін 2019 жылы жюри сапында отырды.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button