Мәдениет

Фантастикалық әлемге саяхат: Джулиус Хорстуистың таңғажайып инсталляциялары

Компьютерлік графиканың таңғажайып түрлерінің бірі – фракталдық өнер математикамен, табиғатпен және техникамен тығыз байланысты.

Фракталдық графиканы өмірінің бір бөлшегіне айналдырған Джулиус Хорстуис – математикалық кеңістікті көркем бейнелейтін ең танымал визуализаторлардың бірі. Ол фракталдық анимациямен 2013 жылдан бері эксперимент жасай бастаған. Джулиус Nova Zembla (2011), Koning van Katoren (2012), Manchester by the Sea (2016) фильмдерінде VFX жетекшісі болды.

2018 жылдан бері еркін шығармашылыққа кетіп, тек фракталдық графикамен айналысып келеді. Джулиус өзінің таңғажайып визуализацияларын жасау үшін Mandelbulb 3D пайдаланады. Суретшінің сүйікті форматы – Fulldome.

Фракталдық өнерді түсіну үшін Джулиус Хорстуистың шығармашылығына зер салып көріңіз.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button