Жапония: Неліктен мұнда бағдаршам көк түсті?
Бағдаршамдағы жүруге рұқсат беретін жасыл түс жапон тілінен аударғанда «көк сигнал» деген мағынаны білдіреді. Алайда Жапониядағы бірде-бір көшеден көк түсі бар бағдаршамды көре алмайсыз. Ол жердегі түстер де әдеттегідей: қызыл, сары, жасыл.
Бұл шиеленістің себебін білу үшін тарихқа көз жүгіртейік. 1968 жылдың 8 қарашасында мемлекеттердің көбі жол белгілері мен сигналдары туралы Вена конвенциясын қабылдады. Нәтижесінде қазіргі бағдаршамдардың түсі пайда болды. Алайда Жапония бұл стандартты бұзып, жасыл түстің орнына көк түсті қолданды. Арада 5 жыл уақыт өткен соң бұл ел де қалыпты бағдаршам түсіне өтті. Бұл шешімді қабылдауға көк түстің алыстан нашар көрінетіндігі себеп болды.
Алайда тұрғындар, тіпті, жасыл бағдаршамды «ао сингу» – «көк сигнал» деп атай береді. Бұдан жапон мәдениетінің ерекшелігін көруге болады. Біле білсеңіз, мұнда ежелден жасыл түсті көгілдір түстердің бірі ретінде қарастырады.
Сонымен жасыл-көк түсті бағдаршам жапон тілі мен мәдениеті күрделілігінің символына айналды.