Мәдениет

Оқушылар арасында республикалық байқау жарияланды

“Мәңгілік ел жастары” қоғамдық қоры республикалық деңгейде Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына арнайы мектеп оқушылары арасында онлайн байқау ұйымдастырып отыр. Байқаудың басты жүлдесі – шәкіртақы. Ай сайынға тағайындалған шәкіртақы оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдауда мотивация болатынан сенімдіміз.

Байқау шарты туралы төмендегі ақпарат бойынша толық таныса аласыз.

ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ТАРИХИ ТҰЛҒА ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ 155 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ MANGILIK EL JASTARY ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКІЗІЛГЕЛІ ОТЫРҒАН «АЛАШ АРДАҚТЫСЫ» АТТЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ

  • БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

MANGILIK EL JASTARY қоғамдық қоры

 

  • БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ
  • Тарихи тұлға, қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның еліне сіңірген еңбегін бүгінгі жас ұрпақтың жадында жаңғыртып, санасына сіңіру арқылы өзінің төл тарихын білетін, құрметтейтін және мақтан ететін нағыз ұлтжанды тұлғаларды тәрбиелеу.
  • Шығармашылыққа бейім оқушыларды ынталандыру арқылы олардың бойындағы қабілетін ашып, жан-жақты дамыту және оларды ел көлемінде насихаттау.

 

  • БАЙҚАУДЫҢ ӨТЕТІН УАҚЫТЫ
  • Байқауға жұмыстарды қабылдау (онлайн түрде) 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізіледі.
  • Байқау жеңімпаздары 7 қараша күні жарияланады.

 

  • БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР
  • Шығармашылыққа бейім республикамыздың барлық мектеп оқушылары. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа (2 топқа) бөлінеді.
  1. кіші топ 1 – 4 сынып оқушылары;
  2. үлкен топ 5 – 11 сынып оқушылары.

 

  • БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

 

І КЕЗЕҢ

 

  • «АЛАШ АРДАҚТЫСЫ» идеясы негізінде қатысушы төменде (Қосымша 1,2) берілген арнау өлеңдердің ішінен қалаған біреуін жатқа оқиды.
  • Қатысушы өлеңді мәнерлеп оқығанын әуесқой бейнетаспаға (ұялы телефон арқылы болады) түсіріп, анкетасын толтырып (Қосымша 1), 8 707-300-01-71 номерінеWhatsApp арқылы жолдайды.

 

БЕЙНЕТАСПАҒА ТҮСІРУ КЕЗІНДЕ ЕСКЕРУ ҚАЖЕТ:

  • Музыкалық сүйемелдеу (музыкалық фон) қоюға және видеоға монтаж жасауға болмайды;
  • Қатысушының дауысы, яғни мәнерлеп оқуының жеткілікті дәрежеде естілуі;
  • Бейнероликтің сапалы және эстетикалық талаптарға сай болуы.

 

  • Қатысушылардың жіберген бейнероликтерін арнайы тағайындалған кәсіби мамандар көріп, қорытындысын шығарады.
  • Жіберілген жұмыстардың барлығына «MÁŃGlLIK EL JASTARY» қоғамдық қорының арнайы ЛАУРЕАТТЫҚ ДИПЛОМДАРЫ беріліп, шәкірт дайындап қатыстырған жетекшілеріне «АЛҒЫС ХАТ» жіберіледі.
  • Барлық қатысушылардың марапаттары мен алғыс хаттары анкетада көрсетілген электронды мекен-жайға жолданады.

 

ІІ КЕЗЕҢ

 

  • І КЕЗЕҢ бойынша жіберілген бейнероликтердің ішіндегі І және ІІ орын алғандары «MANGILIK EL JASTARY» қоғамдық қорының instagram (mangilik.el.jastary)парақшасында жарияланып отырады.
  • Жарияланған бейнероликтер барынша көп дауыс жинауы керек. Дауыс беру лүпіл (лайк) арқылы есептеледі. Ең көп лүпіл (лайк) жинаушылар төмендегідей жүлделермен марапатталады:

 

  • БАС ЖҮЛДЕ«MANGILIK EL JASTARY» қоғамдық қоры 2021-2022 оқу жылына тағайындаған ШӘКІРТАҚЫ (стипендия). Ай сайын 10 мың теңге беріліп отырады.
  • І ОРЫН«MANGILIK EL JASTARY» қоғамдық қоры 2021-2022 оқу жылына тағайындаған ШӘКІРТАҚЫ (стипендия). Ай сайын 5 мың теңге беріліп отырады.
  • ІІ ОРЫН – Samsung Galaxy А01 Core ұялы телефоны
  • ІІІ ОРЫН – Мектепке қажетті оқу құралдарымен жабдықталған сөмке.

 

  • Қатысушылар жас ерекшеліктеріне байланысты, яғни өз тобына сәйкес марапатталады.
  • Дауыс беру мерзімі жағынан тең дәрежеде өтуі үшін11.2021 жыл күні инстаграм парақшаға видео салу тоқтатылады. 6.11.2021 жыл аралығына дейін, яғни 6 күн бойыбарлық қатысушылар үшін дауыс беру жүреді. 7.11.2021 жыл күні ІІ КЕЗЕҢНІҢқорытындысы mangilik.el.jastary инстаграм парақшасында жарияланады.

 

  • БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Қатысушының жұмысы мен анкетасын 2021 жылдың 30 қазанына дейін жіберу қажет. І КЕЗЕҢ бойынша  қорытынды 1 қарашаға дейін анкетада көрсетілген электронды мекен-жайға жіберіледі.

Байқауға қатысу жарнасы 2000 ( екі мың) теңге

Толық ақпарат алу үшін байланыс номері:

8 (775)-168-71-35;

8 (707)-462-04-07;

8 (747)-381-71-00  Асан.

Ұқсас мақалалар

Back to top button