Қазақстанда биыл Рамазан 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8-9 мамыр – Қадір түні. 13 мамыр – Ораза айт.
1. Рамазан – ораза ұстау ғана емес, рухани кемелдену айы.
Көптеген мұсылмандар бұл уақытты өзін-өзі терең тану және жеке өсу кезеңі ретінде қабылдайды. Өйткені, жаман әдеттерден арылу – жан тыныштығын сыйлайды және барлық қызу эмоциялардан бас тарта отырып, парасатты ойлауға үйретеді. Рамазан айы адамдардың өмірге немесе басқа адамдарға ренішін ұмыттырып, назарын маңызды істерге ғана аудартуға көмектеседі.
2. Рамазан айында мұсылмандар өсек, өтірік және басқа да жаман әдеттерден бас тартады.
Рамазан айында мұсылмандар тамақтан, судан және жыныстық қатынастан бас тартады. Сондай-ақ олар өтірік айту, балағаттау, өсек айту, дауласу және басқа да жаман әдеттерден аулақ болады. Оразаның мәні – Жаратқанға мойынсұну және рухани дүниелерге көңіл бөлу.
3. Ораза – мұсылмандар үшін қуанышты мереке.
Рамазан айының соңына таман Қадір түні тойланады. Дәл осы түні Мұхаммед пайғамбарға Құран түсірілген. Мұсылмандар бұл түнгі жасалған дұға мыңдаған айлық құлшылықтардан да артық деп сенеді.
4. Рамазанды кейде Құран айы деп те атайды.
Рамазан Құран айы деп те жиі аталады, өйткені осы уақыт аралығында мұсылмандар Құранды мүмкіндігінше мән беріп оқып, жаттауға тырысады. Мешіттерде әр кеште хадистер айтылып, діни-пәлсапалық әңгімелер өрбиді.
5. Рамазан айында барлық мұсылман ораза ұстамайды.
Ораза ұстау ислам дініндегі бес парыздың бірі болып саналғанымен, балалар, науқастар, қарттар, жүкті әйелдер, емізетін әйелдер, етеккірі келген әйелдер және жолға шыққан саяхатшыларға ораза ұстамауға рұқсат етілген. Мүмкіндігі бар адамдар қарызын кейінірек қайтара алады немесе аш, мұқтаж адамдарды тамақтандырады.
6. Ауызашарда ас та төк дастарханды ұнатпайтын мұсылмандар да бар.
Кейбіреулер күн сайын ауызашар беруді жөн санаса, көптеген мұсылмандар оразаның рухқа әсерін үзбеу үшін пайдалы тағамдардың аз-аздаған бөлігін жегенді жөн көреді. «Эгомызды материалдық заттармен қанағаттандыру бізге ешқашан қажетімізді табуға көмектеспейді, керісінше тек өзіміз қалаған нәрсеге ұмтыламыз» деп санайды олар. Ал денсаулықтарына қамқорлық жасау үшін мұсылмандар қантты, қуырылған тағамдарды тұтынуды азайтады, оның орнына арпа, тары, сұлы және бұршақ дақылдарын таңдайды.
7. Кейбір жандардың ораза кезінде денсаулығы жақсарады.
Рамазанда ораза ұстайтын кейбір мұсылмандар өздерінің әл-ауқатының жақсарғанын сезеді. Егер сіз дұрыс ораза ұстай білсеңіз, миға эндорфиндер бөлінеді, бұл психикалық денсаулықты жақсартады. Сонымен қатар, ашыққан кезде майларда жиналған токсиндер организмнен шығарылып, детоксификация процесі жүреді.
8. Рамазан айында қайырымдылыққа көп көңіл бөлінеді.
Қайырымдылық жасау да мұсылманның 5 парызының бірі саналады. Әсіресе Рамазан айында адамдар мұқтаж жандарға көмек қолын созып, садақа беруді жиілетеді.
9. Ауыз бекіткендерге аяушылық білдірудің қажеті жоқ.
Оразада күнұзақ ас-сусыз жүргендіктен, біршама күш-қуатты алатыны белгілі, бірақ оның бәрі жүз есе боп қайтады. Оразаның пайдасы өте көп. Адам жан-дүниесімен бірге денесін, организмін де тазарта алады.